«Облыста жаңартылатын энергия көздері жобаларын дамыту» бойынша

Республикамызда жаңартылатын энергия көздерінің энергетикалық әлеуетін орнатылған жалпы қуаты 392,8 МВт 59 нысан құрайды.

Оның ішінде Жамбыл облысының үлесіне 43% тіркелген.

Жамбыл облысының табиғи-климаттық жағдайын ескере отырып, соңғы жылдарда аймақта энергетикалық потенциялдың жоғарылығына байланысты, жаңартылатын энергия көздерінің күн, жел және шағын су электр станцияларының құрылыстары белсінді жүргізілуде.

2010 жылы барлық жаңартылатын энергия көздері нысандарының жалпы қуаты шамамен 1,5-2,0 МВт болса, қазіргі таңда 10 ЖЭК нысандары жалпы 168,7 МВт құрап отыр.

Оның ішінде:

  • 4 нысан су электр станциясы жалпы қуаты 15,1 МВт
  • 3 нысан жел электр станциясы жалпы қуаты 53,1 МВт
  • 3 нысан күн электр станциясы жалпы қуаты 100,5 МВт

Оның ішінде, Жуалы ауданында орналасқан «Бурное Солар» нысанының  2-ші кезеңіндегі жалпы қуаты 50 МВт құрайтын «Бурное Солар -2» нысанын салу  («Samruk Kazyna-United Green» ЖШС) құрылысы ағымдағы жылдың 5 маусымда аяқталып, іске қосылды. ЖЭК-тін орнатылған жалпы қуаты 100 МВт дейін жетті.

2017 жылдың қорытындысы бойынша 304,3 млн.кВт.сағ электр энергиясы өндірілді немесе облыстағы жалпы өндірілген электрэнергияның үлесі 10,2% құрады.

Ағымдағы жылы, 9 айдың қорытындысы бойынша ЖЭК көздерімен өндірілген көлемі 297,41 млн. кВт.сағ. құрап отыр, немесе өткен жылғы кезенімен салыстырғанда 23% артық (227,71 млн. кВт.сағ.)

2018 жылы ЖЭК көздерімен өндірілетін электрэнергияның үлесін 11,0% дейін жеткізу жоспарлануда.

«Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы»

Tел.: +7 (7262) 45-10-96

Қоршаған ортаға эмиссиялардан бюджетке түсетін түсімдер туралы ақпарат

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға бюджет шығыстары туралы ақпарат

Өзгерту: 25.01.2019 12:19