Жамбыл облысы Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан (1939 жылы құрылған) және Шу, Талас өзендерінің бассейндерін қамтып, батыста Қаратау  тау жотасы, оңтүстікте – Қырғыс жотасы, шығыста – Шу-Іле тауларымен  шектеседі. Облыстың солтүстігі Бетпақдала шөлінің аумағымен жалғасады. Облыстың батыстан шығысқа ұзақтығы 500 км дейін, оңтүстіктен солтүстікке 400 км дейін, аумағы 144,3 мың шаршы км. Бұл республика аумағының 5,3%-ын құрайды.

Облыстың Мойынқұм, Шу, Қордай аудандары Алматы облысымен, Мойынқұм, Сарысу аудандары Қарағанды облысымен, Жуалы, Талас, Сарысу аудандары Оңтүстік Қазақстан облысы шектеседі.
Қырғыз Республикасының Шу облысымен Жамбыл облысының Шу, Қордай, Меркі және Т.Рысқұлов аудандары, ал Қырғыз Республикасының Талас облысымен Жамбыл облысының Жамбыл және Талас аудандарымен шектеседі.

Жамбыл облысы фосфориттің және плавикошпат шикізатының бірегей қоры болып табылады. Облыс түсті металдарға, баритке,  көмірге, қасбеттік, әрлеу және техникалық тастарға, құрылыс материалдарына бай.

Жалпы ауданы - 14 427,4
Ауыл шаруашылық жерлері - барлығы – 4612,8

Тұрғыны

1 130 099 адам

(6,07%,  7-орын)

Тығыздығы

7,83 адам/км²

Ұлттық құрамы

қазақтар 72,81%
орыстар 9,60%
дүнгендер 5,29%
түріктер 3,07%
өзбектер 2,54%
басқалары 6,69%

Облыста 10 аудан, облыстық мәндегі Тараз қаласы және аудандық мәндегі Қаратау, Жаңатас, Шу сияқты үш қала.

  • Байзақ ауданы - Сарыкемер ауылы
  • Жамбыл ауданы - Аса ауылы
  • Жуалы ауданы - Момышұлы ауылы
  • Қордай ауданы - Қордай
  • Меркі ауданы - Меркі ауылы
  • Мойынқұм ауданы - Мойынқұм
  • Тұрар Рысқұлов ауданы - Құлан ауылы
  • Сарысу ауданы - Жаңатас қаласы
  • Талас ауданы - Қаратау қаласы
  • Шу ауданы - Төле би ауылы

Жалпы өңірлік өнім

2019 жылға (алдын ала мәлімет бойынша)  жалпы өңірлік өнімінің көлемі 1690,5 млрд. теңге құрады, ЖӨӨ НКИ 104,7% (2018 жылы  ЖӨӨ – 1532,1 млрд. теңге, НКИ-103,7%).

Жан басына шаққандағы ЖӨӨ 1498,9 мың теңгені құрады (2018 жылы – 1366,4 мың. теңге).

Облыс бойынша 2020 жылғы қаңтар-наурызында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 104,1% құрады.

Өзгерту: 06.05.2020 16:56