Тексерістердің нәтижелері туралы ақпараттық хабарлама

Жамбыл облысы әкімі аппараты Ішкі аудит қызметінің 2018 жылы жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпараты

Жамбыл облысы әкімі аппаратының Ішкі аудит қызметі тарапынан 2018 жылға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 38 аудиторлық іс-шаралар жүргізілген.

Аудитпен қамтылған жалпы бюджет сомасы 31 546,5 млн. теңгені құрады.

Соның ішінде жалпы сомасы 2 218,9 млн. теңгеге бұзушылықтар анықталды, бұзушылықтар сыныптауышы тұрғысында келесідей көрсетілген:

  • Сомасы 15,62 млн. теңге ағымдағы шығыстар бойынша бұзушылықтар; 
  • Сомасы 1 731,48 млн. теңге мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы бойынша бұзушылықтар;
  • Сомасы 67,42 млн. теңге бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті құрастыру кезіндегі бұзушылықтар;
  • Сомасы 404,4 млн. теңге басқа да бұзушылықтар.

Оның ішінде сомасы 1,42 млн. теңге бюджет кірісіне өтелуіне, сомасы 79,74 млн. теңге бухгалтерлік есепте көрсетілуіне және қалпына келтіруге жатады.

Аудиторлық іс-шара нәтижелері бойынша аудит объектілеріне бұзушылықтарды жою және ұсынымдарды қарастыру туралы 38 шешім жолданды.

2018 жылдың 31 желтоқсандағы жағдайы бойынша бюджет кірісіне 1,42 млн. теңге өтеліп, 79,74 млн. теңге бухгалтерлік есепте көрсетілді және қалпына келтірілді.

Аудиторлық іс-шара нәтижелері бойынша аудит объектілерінің 51 лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке және 7 қаулы бойынша 3 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 757,6 мың теңгеге айыппұл салынды.

Өзгерту: 25.01.2019 17:44