Облыс әкімінің аппаратына 2020 жылдың алты айында  жеке және заңды тұлғалардан барлығы 1965  (2019 ж. - 2046 ) өтініш түскен. Оның ішінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен 169 (2019ж.-122) өтініштер түссе, Қазақстан Республикасының Премьер - Министрі Кеңсесінен 55 (2019ж.-77)  өтініш  түсіп,  оларға  белгіленген   мерзімінде  тиісті  жауаптары   берілген.

Есепті мерзім ішінде облыс әкімі аппаратында 593 жеке және заңды тұлғалардың  өтініштері  бақылауға  алынып, оның  572-не  жауаптары беріліп, бақылаудан алынды, 21-і қаралу үстінде.

Қазақстан Республикасы Президентінің Виртуалды қабылдау арқылы барлығы  44 жеке және заңды тұлғалардан өтініш-арыздар түсіп, қаралды.

Талдау көрсеткендей, облыс тұрғындарын негізінен толғандырып отырған мәселелер - халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайы, оның ішінде, пәтер және тұрғын  үй  алу  туралы - 198 (2019 ж. - 206), коммуналдық   қызмет көрсету - 144 (2019ж. - 163), материалдық көмек көрсету -  58 (2019ж. - 53).

Өтініштердің  басым  көпшілігі Тараз қаласының (931), Шу (92)  және Сарысу (83) аудандарының тұрғындарынан түскен.

Жыл басынан бері облыс әкімінде, оның орынбасарларында және аппарат басшысында 135 (2019ж.- 104) азамат қабылдауда болып, олардың барлығына қолданыстағы заңдардың аясында жауаптары жолданып, түсініктемелер берілген.

Облыс әкімі аппаратына тікелей жазбаша өтініш жасаған арыз берушілерге тіркелген күні мен уақыты, өтінішті  қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген 191 талон берілген.       

Есепті мерзім ішінде сенім телефоны арқылы 304 (2019ж. - 145) хабар түссе, оның 202-ның шешімі табылып,  102-не түсініктемелер берілген.

Сонымен қатар есепті мерзімде облыс әкімі аппаратының ғимаратында азаматтардың өтініштеріне арнайы орнатылған жәшікке 21 (2019ж. - 10) өтініш түсіп, мерзімінде жауаптары берілді.

Жыл басынан бері  орындалу мерзімі ұзартылған, қайталанып жазылған өтініштер жоқ.

Өзгерту: 03.07.2020 09:57