Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабы 4-тармағына сәйкес, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру еркіндігі және оның заңды мүлкін кез келген кәсіпкерлік қызметте еркін пайдалануға құқығы бар.

Кәсіпкерлерге арналған негізгі пайдалы сілтемелер:

Ісін жаңа бастаған кәсіпкердің іс-әрекет алгоритмі

1

Бизнес-идея

Жаңа компания құру немесе қолданыстағы компанияда қызметтің жаңа бағытын құру үшін пайдаланылуы мүмкін Идея.

Егер бизнес идеялар жоқ болса, онда дайын бизнес идеяны сатып алуға болады (франшиза)

 

2

Маркетинг (нарықты зерттеу)

Маркетинг- бұл пайда табу мақсатында нарықтық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған қызмет. Нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті зерттеу

 

3

Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту

Кәсіпкерлік негіздерін оқыту курсы, кәсіпкерлік сауаттылықты арттыру және бизнес идеяларды бекіту мақсатында әлеуетті кәсіпкерлерге ұсынылады.

Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасы жанындағы оқыту курсының түрлері:

 

А) Бастау бизнес (http://atameken.kz/ru/pages/832-o-proekte)

Б) Бизнес кеңесші (http://taraz.atameken.kz/ru/pages/86-servisnaya-podderzhka-biznesa)

В) Бизнес өсу (http://taraz.atameken.kz/ru/pages/86-servisnaya-podderzhka-biznesa)

Г) Тәлімгерлік принципін қолдана отырып жобалық оқыту (http://taraz.atameken.kz/ru/pages/86-servisnaya-podderzhka-biznesa)

Д) Жас кәсіпкер Мектебінің компоненті (http://astana.atameken.kz/ru/pages/659-obuchenie-osnovam-predprinimatel-skoj-deyatel-nosti)

2 күннен 2 айға дейін

4

Бизнес жоспарды әзірлеу

Фирма, тауар, оның өндірісі, өткізу нарығы, маркетинг, операцияларды ұйымдастыру және олардың тиімділігі туралы мәліметтерді қамтитын фирманың іс-әрекетінің сипаттамасы.

Бизнес-жоспарды Жамбыл облысының кәсіпкерлер Палатасында келесі мекен-жай бойынша әзірлеуге болады: Тараз қ., Абай к-сі, 106

5 – 15 күн аралығында

5

Кәсіпкерліктің заңды нысаны

Кәсіпкерлік қызметті заңды тіркеу.

 

Жеке кәсіпкер (бұдан әрі - ЖК) - ЖК-ті тіркеуді Мемлекеттік кірістер басқармасы жүргізеді. ЖК-ті тіркеуге өтінімді ҚР электрондық үкімет порталы арқылы өз бетінше беруге болады (www.egov.kz), немесе халыққа қызмет көрсету Орталығы арқылы (бұдан әрі - ХҚКО). ЖК-ті тіркеу үшін қажетті құжаттар:

1) жеке куәлік;

2) ЭЦҚ - (электрондық-цифрлық қолтаңба) ХҚКО-да беріледі.

Тіркеу есебі 1- 3 жұмыс күндер аралығында жүргізіледі

Шаруа қожалығы (бұдан әрі - ШҚ) - шаруа қожалықтарын тіркеу келу сипатында болады және жер учаскесіне меншік құқығына, тұрақты жер пайдалану құқығына Актіні немесе уақытша жер пайдалану туралы шартты беру орны бойынша салық органында дара кәсіпкер ретінде есепке қоюға жасалады.  Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу үшін шаруа қожалығының басшысы салық органына келесі құжаттарды ұсынады:

1) Тіркеу есебіне қою туралы өтініш

2) Жер учаскесіне меншік құқығы, тұрақты жер пайдалану құқығы актісі не уақытша жер пайдалану туралы Шарт

Тіркеу есебі 1- 3 жұмыс күндер аралығында жүргізіледі

(құжаттар пакеті толық болған жағдайда)

 

 

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - ЖШС) - ЖШС мемлекеттік тіркеуді өңірлік Әділет департаменті жүргізеді. Тіркеуге өтінім ХҚКО-да немесе электрондық үкімет порталы арқылы өздігінен беріледі. ЖШС тіркеу үшін қажетті құжаттар:

1) белгіленген үлгідегі өтініш;

2) жалпы жиналыстың хаттамасы;

3) жалға алу шарты немесе ғимаратқа құқық белгілейтін құжаттар;

4) қызмет көрсетуге мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек (тіркеу алымы)

Тіркеу есебі 3- 5 жұмыс күндер аралығында жүргізіледі

6

Рұқсат беру құжаттарын/лицензияларды алу (қажет болған жағдайда)

Бұл кәсіпкерлерге өнімді өндіруге, оны сатуға, импорттауға және экспорттауға, тауарларды мемлекеттік шекара арқылы тасымалдауға байланысты қандай да бір қызметті жүзеге асыру үшін талап етілетін ресми сертификаттау құжаттары

15 күннен аса

7

Несие алу/инвесторларды, серіктестерді және т. б. тарту.

Қаржыландыру (Банктік бағдарламалар, инвестициялар, гранттар, мемлекеттік бағдарламалар.)

Бизнесті бастау үшін кәсіпкерге жоспарланған жоба үшін жеке қаражат, банктік қарыз қаражаты, инвесторларды тарту, гранттық қаражат және Мемлекеттік бағдарламалар түрінде қаржылық қолдау қажет болады.

30-60 күн аралығында

Өзгерту: 06.11.2018 14:56