Облыс әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы

Орынбеков Бекболат Серікбекұлы

Орынбеков Бекболат Серікбекұлы

Бірінші орынбасары

Тел.: +7 (7262) 45-06-67
Бөлім: 610
Қабылдау бөлмесі: 43-17-71

1957 жылы туылған. 1979 жылы Алматы энергетикалық институтын «инженер-электрик» мамандығы бойынша және 2003 жылы Агротехникалық институтын «экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1979 жылы Қаратау кәсіби-техникалық училищесінде оқытушы болып бастаған.

  • 1980-1992 жылдары Қаратау кәсіби-техникалық училищесінде шебер, директордың тәрдие ісі жөніндегі орынбасары,
  • 1992-2013 жылдары «Қаратау» ассоциациясының бас директоры, «Бірлік» шағын кәсіпорнының директоры, «Жамбылавтодор» қазыналық кәсіпорнының жетекші маманы, Талас ауданы Қаратау қаласы әкімінің орынбасары, әкімі, Сарысу ауданының және Тараз қаласының әкімі қызметтерін атқарған,
  • 2013 жылдан бастап Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары.

«Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен және тағы басқа ведомствалық наградалармен марапатталған.

Үйленген. 2 бала тәрбиелеп өсіруде.