Жамбыл облыстық қазақ драма театры

Жамбылский областной казахский драматический театр был создан в 1936 году в городе Аулие-Ата, на фундаментальной основе художественно-самодеятельного коллектива  Аулие-Атинского педагогического училище.

Жамбыл облыстық қазақ  драма театры  1936 жылдың   16 наурызында  өз шымылдығын тұңғыш рет Б.Майлиннің «Келін мен шешей» және Қ.Қырқымбаевтың «Келіншек» атты комедияларымен ашқан.

Театр сол  уақыттан бері,  төл мәдениетіміз бен әдебиетіміздің,   сондай-ақ,  бұрынғы Кеңес елі  мен  шет ел әдебиеттерінің драматургия саласындағы  інжу-маржандарын  сахнаға шығарып, халыққа рухани және мәдени тұрғыда өлшеусіз қызмет көрсетіп, сан буын ұрпақ тәрбиесіне зор үлесін  қосып келеді.

Осы кезең ішінде театр 500-ден  аса  драматургиялық туындыларды сахнаға дайындап,  солардың негізінде  10 мыңнан  аса қойылымдар  көрсетті.

Театр көптеген республикалық және халықаралық театр фестивальдарына қатысып, лауреат, дипломант атанған. Әр кездері Польша, Россия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Татарстан, Мысыр Араб Республикасы, Румыния елдерінде гастрольдік сапарларда болып, өнер фестивальдарына қатысқан.

Театрда әр жылдары Ә.Мәмбетов, А.Тоқпанов, Т.Дүйсебаев, Ж.Омаров, М.Байсеркенов, Ә.Құлданов, Е.Оразымбетов, О.Кенебаев, Қ.Қасымов сынды белгілі өнер қайраткерлері  режиссерлік  қызметтер атқарған.

Театрдың қазіргі директоры белгілі жазушы-драматург Б.Бекжанов, Көркемдік жетекшісі - М.Ақүрпеков, бас суретшісі - Р.Сапаралиева.

Осы жылдар ішінде театрдан 3 - Қазақстанның Халық артисі, 23 - Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, 2 - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 12 - Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, 20-дан аса Халықаралық және Республикалық театр фестивальдарының лауреаттары,  бірнеше Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаттары, сонымен қатар, көптеген орден-медальдардың иегерлері шықты.

Қазіргі кезде театрдың ағымдағы  репертуарында 30-дан аса қойылымдар бар. Олардың ішінде шет ел, орыс және қазақ классиктерінің 10-нан аса туындылары, тарихи және бүгінгі күн тақырыбындағы шығармалар мен 4-5 комедия, бірнеше балаларға арналған ертегілер бар.

Театр директоры: Бекжанов Болат Үмбетәліұлы, тел: 45-29-68

Театрдың мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы 115  үй

Ресми сайты: www.taraz-teatr.skom.kz

Интернет парақшалары:

ВКонтакте https://vk.com/id384386660

Мой Мир: kaz_dram_teatr@mail.ru

Инстаграмм: jambyl_obl_kaz_dram_teatr

Өзгерту: 18.11.2018 14:50