Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

Жамбыл облысы әкімдігі мәжілісінің хаттамасынан ҮЗІНДІ Тараз қаласы № 43 2016 жылғы 27 қазан

Күн тәртібі: 1. Жамбыл облысының 2016 жылғы қаңтар-қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы. 2. Жамбыл облысының ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының есебі туралы. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Әмірханов Жомарт Амангелдіұлы хабарлама жасады (мәтіні қоса тіркелді).

Жамбыл облысы әкімдігі мәжілісінің хаттамасынан ҮЗІНДІ

Тараз қаласы № 43  2016 жылғы 27 қазан

Төрағалық еткен: облыс әкімі – К.Көкрекбаев
Мәжіліске 26 әкімдік мүшелерінің 22-і және 86 шақырылғандар қатысты.

Күн тәртібі:

1. Жамбыл облысының 2016  жылғы қаңтар-қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы.
2. Жамбыл облысының ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының есебі туралы.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша облыс  әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Әмірханов Жомарт Амангелдіұлы хабарлама жасады (мәтіні қоса тіркелді).

Облыс әкімі күн тәртібіндегі бірінші мәселені қорытындылай келе, жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар берді:

1) өндіріс саласы бойынша жыл соңына дейін көрсеткіштері төмендеп кетуі мүмкін өнеркәсіп кәсіпорындары басшыларымен кездесіп, бірлескен жұмыстар атқаруды;
2) өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемін арттырып, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы кешенді жұмыстарды өз деңгейінде жалғастыруды;
3) «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражаттың уақтылы және тиімді игерілуін қамтамасыз етіп, жергілікті үлесті дамыту бағытындағы шаралардың атқарылуын ұйымдастыруды;
4) шағын бизнес құрылымдарының санын ұлғайту мақсатында екінші деңгейлі банктермен жұмысты жандандыруды.
5) ауыл шаруашылығы саласын қолдау тетіктерін мүмкіндігінше пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша жобалар санын көбейту және жұмыс істеп тұрғандарының жүктемесін арттыру мәселесін бақылауда ұстауды;
6) «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жоспарланған жұмыстардың толық іске асырылуын және бөлінген қаражаттың мақсатты игерілуін, сол сияқты жыл соңына дейін өтетін қоғамдық-саяси маңызды шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуын бақылауда ұстасын.
7) қысқы жылыту маусымының тұрақты өту барысын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.


Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша жергілікті полиция қызметінің бастығы Б.Бейсеев хабарлама жасады (мәтіні қоса тіркелді).
Облыс әкімі күн тәртібіндегі екінші мәселені қорытындылай келе, тиісті жауапты тұлғаларға төмендегі тапсырмаларды берді:

1) жергілікті полиция қызметі бастықтарының тиісті әкімшілік аумақта тұратын халықтың алдында жылына кем дегенде бір рет, Тараз қаласы және аудан әкімдіктері мен мәслихаттарының алдында жылына екі рет, учаскелік полиция инспекторлары тоқсанына бір рет есеп беруін;
2) қоғамдық орындарда, кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар және жалпы қылмыс санын азайту бағытында пәрменді шаралар қабылдап, профилактикалық жұмыстарды жетілдіруді;
3) қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде, оның ішінде бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарының алдын алуда тиісті мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен бірлескен шаралар қабылдауды;
3) жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жетілдіруді;
4) жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауы мәселелерін тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Күн тәртібіндегі аталған мәселелер бойынша ұсынылған қаулы жобаларын облыс әкімдігі мүшелері зерделей келе, өзгеріссіз бірауыздан қабылдау туралы шешім қабылдады.

Өзгерту: 17.11.2018 08:42