Жамбыл облысы әкімдігі мәжілісінің хаттамасы № 2 2017 жылғы 26 қаңтар

Жамбыл облысының 2016 жылдың қаңтар-желтоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы.

Жамбыл облысы әкімдігі мәжілісінің хаттамасы

Тараз қаласы № 2 2017 жылғы 26 қаңтар

Төрағалық еткен: облыс әкімі – К.Көкрекбаев
Мәжіліске 26 әкімдік мүшелерінің 24-і және 73 шақырылғандар қатысты.                                          
 
Күн тәртібі:

1. Жамбыл облысының 2016 жылдың қаңтар-желтоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыс  әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ж.Әмірханов хабарлама жасады (мәтіні қоса тіркелді). 

Облыс әкімі күн тәртібіндегі бірінші мәселені қорытындылай келе, жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар берді:

1. Облыс әкімінің орынбасары Т.Жанке, облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Б.Қалиев:

1. 2015-2016 жылдары Индустрияландыру картасы шеңберінде жүзеге асырылған 16 жобаның жобалық қуаттылығы мен жүктемесіне, олардың әрқайсысының өткен жылы жоспарланған өнім көлемін беруіне талдау жасап, аталған мәселені бақылауда ұстауды;
2. Тараз қаласы мен аудандар әкімдерімен бірлесе отырып облыста тартымды инвестициялық климат қалыптастырып, облыс экономикасына тиімді инвестициялар тарту бағытындағы жұмыстарды жандандыруды;
3. шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тетіктерін халыққа түсіндіру жұмыстарын жетілдіріп, аталған бағытты несиелендіру бойынша екінші деңгейлі банктермен тығыз жұмыс жасауды;
4. инвестицияларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңес жұмысын барынша белсендіруді қамтамасыз етсін.

2. Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ж.Баубеков:

аудандар мен Тараз қаласы әкімдерімен бірлесе отырып Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өңірлік кешенді жоспарынан туындайтын міндеттерді тиімді әрі сапалы орындауды қамтамасыз етсін.

3. Облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ә.Ахатаев:

1. аудандар мен Тараз қаласы әкімдерімен бірлесе отырып мемлекет есебінен («Нұрлы Жол», «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламалары) қаржыландырылатын объектілерді салу/қайта жаңғырту кезінде, сондай-ақ жүйе құраушы кәсіпорындардың сатып алуы кезінде отандық материалдардың пайдаланылуына ықпал етуін қатаң бақылауда ұстауды;
2. облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып облыстың елді мекендеріне дәрігерлік амбулаториялар салу, сондай-ақ ауылдық жерлерге барған жас мамандарды тұрақтандыру мақсатында осы дәрігерлік пункттер жанынан бір тұрғын үйден салып беру мәселесін шешу бойынша ұсыныс енгізуді;
3. Тараз қаласы және аудан әкімдерімен бірлесе отырып, мәдениет, денсаулық сақтау және т.с.с салалардағы мамандар тапшылығын ескере отырып оларға арнап жатақхана салып беру мәселесі бойынша ұсыныстар енгізуді;
4. Сарысу , Талас, Шу аудандарының әкімдерімен бірлесе отырып, Жаңатас, Қаратау, Шу қалаларындағы жарамды үйлерді қайта жаңғырту бойынша мәселені пысықтауды қамтамасыз етсін.

4. Облыс әкімдігінің білім басқармасының басшысы С.Құрманбекова:

аудандар мен Тараз қаласы әкімдерімен бірлесе отырып, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен толық қамту мақсатында қала мен аудандардағы балабақшаға қажеттілікті анықтап, жекеменшіктегі бұрынғы балабақшалар ғимараттарын сатып алу мәселесін пысықтауды қамтамасыз етсін.

5. Аудандар мен Тараз қаласының әкімдері тиісті мүдделі органдармен бірлесе отырып:

1. ауылшаруашылығы саласындағы осы жылы егілетін дақылдардың жоспарын пысықтап, көктемгі егіс-дала жұмыстарына осы бастан тыңғылықты дайындалуды;
2. ана мен бала өлімінің алдын алу, олардың денсаулығын жақсарту бағытындағы жұмыстарды жолға қоюды;
3. шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуды;
4. салық түсімдері көлемін ұлғайтуды, кедейшілік деңгейін төмендету бағытында кешенді шаралар қабылдауды;
5. жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерін шешуге бағытталған кіріс көздерін қалыптастыру бағытындағы жұмысты жандандыруды;
6. қысқы жылыту маусымының тұрақты өтуін қадағалауды қамтамасыз етсін.

6. Облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы Б.Бейсеев:

Қордай ауданының әкімімен бірлесе отырып ауданда оқиғалары көрсеткіштерінің 2015 жылмен салыстырғанда артып отырғанына байланысты облыстық мәндегі жолдарда қызмет атқаратын жол полиция инспекторларының штат бірліктерін ұлғайту мәселесі бойынша ұсыныс енгізсін.

7. Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы М.Мәтен:

тиісті мүдделі органдар басшыларымен бірлесе отырып, облыста жастар арасындағы қылмыс деңгейін төмендетуге бағытталған жұмыстар атқарсын.

8. Облыс әкімдігі басқармаларының басшылары, аудандар мен Тараз қаласының әкімдері:

Мемлекет басшысыныңжергілікті жерде халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырсын.

Күн тәртібіндегі аталған мәселе бойынша ұсынылған қаулы жобасын облыс әкімдігі мүшелері зерделей келе, өзгеріссіз бірауыздан қабылдау туралы шешім қабылдады.

Өзгерту: 20.11.2018 10:05