Облыс әкімінің есеп беру жиналысының хаттамасынан үзінді

Төрағалық еткен: К.Н. Көкрекбаев – облыс әкімі. Қатысқандар: тізім бойынша 1100 адам, бейнеконференц байланысы арқылы аудандардан 2700 адам

Облыс әкімінің есеп беру жиналысының хаттамасынан үзінді
 
Тараз қаласы  №9 2017 жылғы 22 ақпан
 
Төрағалық еткен: К.Н. Көкрекбаев  – облыс әкімі.
Қатысқандар: тізім бойынша 1100 адам, бейнеконференц байланысы арқылы аудандардан 2700 адам.
 
Есеп беру жиналысында облыс әкімі келесі тапсырмаларды берді:

1. Облыс әкімдігінің  қаржы, денсаулық сақтау басқармалары:

сенімді басқаруға берілген объектілердің жұмысына тұрақты мониторинг жасауды қамтамасыз етсін.

2. Облыс әкімінің орынбасары Т.А.Жанке, облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалы-инновациялық дамыту, ауыл шаруашылығы басқармалары:

өткен жылы облыста өткен халықаралық инвестициялық форум барысында қол қойылған меморандумдарға тұрақты мониторинг жүргізсін және оларды іске асыру бойынша шаралар қабылдасын.

3.Аудандар мен Тараз қаласының әкімдері:

инвестициялар тарту үшін іскерлік климат жасау бойынша жұмысты күшейтсін, әрбір іске асырылған жоба бойынша оларды жоспарлы қуатқа уақтылы шығару мәселелерін пысықтасын.

4. Аудандар мен Тараз қаласының әкімдері, облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалы-инновациялық дамыту басқармасы:

бизнес ортадағы белсенділіктің төмендеуіне терең талдау жасап, бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау және мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдалану бойынша жұмысты жандандырсын.

5. Аудандар мен Тараз қаласының әкімдері:

қайтарылған қаражат есебінен Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты модернизациялау бағдарламасы аясында тұрғын үйлерді модернизациялауды жалғастырсын.

6. Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, барлық деңгейдегі әкімдер:

тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру бойынша белсенділік танытсын.

7. Аудан әкімдері, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы:

өсімдік саласында су үнемдеу және ылғал сақтау технологияларын кеңінен енгізу, үдемелі алма бақтарының алқаптарын ұлғайту жұмыстарын жалғастырсын.

8. Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және индустриалы-инновациялық дамыту басқармалары, барлық деңгейдегі әкімдер:

бағаларды тұрақтандыру жұмыстарын қатаң бақылауда ұстауды және жылыжай кешендері алқаптарын ұлғайтуды, былтырғы дауыл желден зақымданған жылыжайларды қалпына келтіруге ықпал етуді қамтамасыз етсін.

9. Облыс әкімдігінің білім, тілдерді дамыту басқармалары, аудандар мен Тараз қаласының әкімдері:

үш тілді оқытуды  кезең-кезеңімен енгізу мақсатында ағымдағы жылғы 1 сәуірге дейін мұғалімдерді ағылшын тіліне үйрету бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етсін.

10. Облыс әкімдігінің білім, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары:

нарық сұранысын ескере отырып, мектеп бітірушілер қатарынан тегін техникалық және кәсіби білімі бар кадрларды дайындауды арттырсын, аталған жобаға өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтарды көбірек тартуға баса назар аударсын.

11. Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы,  аудандар мен Тараз қаласының әкімдері:

биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің біртіндеп енгізілуіне орай бұл туралы кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді ұйымдастырсын.

12. Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы:

Тараз қаласы және аудан әкімдерімен бірлесіп, турфирмалармен өзара тығыз байланыста жұмыс істеп, республикалық, халықаралық деңгейге шығу жолында имидждік шараларды қолға алсын.

13. Облыс әкімдігінің білім, мәдениет, ішкі саясат, жастар саясаты мәселелері, дін істері  басқармалары:

жастарды қоғамға жат қылықтан сақтап, отаншылдық рухта, азаматтық қасиеттерге баулу мақсатында аталған жұмысқа жастар ұйымдарын жұмылдырып, интернет ресурстар мен әлеуметтік желілердің әлеуетін кеңінен пайдалануды қамтамасыз етсін.

14. Барлық деңгейдегі әкімдер:

жергілікті қауымдастықтардың белсенді мүшелерін тарта отырып, бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарының алдын алу мақсатында барлық өңірлерде «Көршінің бақылауы» бағдарламасын жүзеге асыруды ұйымдастырсын.

15. Облыстық ішкі істер департаменті (келісімі бойынша) және жергілікті полиция қызметі, Тараз қаласының әкімі:

«Қауіпсіз қала Тараз» жүйесін енгізу бойынша нақты ұсыныстар енгізсін.

16. Облыс әкімдігі басқармаларының басшылары, барлық деңгейдегі әкімдер:

мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұлжытпай орындалуын және бақылауды қамтамасыз етсін, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оның салдарын жоюға бағытталған жұмыстарды күшейтуге қосымша шаралар қабылдасын.

17. Тараз қаласының әкімі, облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы:

Құрылыс жұмытары жоспарланған аумақтарда жобалау және жеке меншік құқығындағы жерлерді мемлекеттік қажеттілікке орай қайтару мәселелерін шұғыл шешсін.

Өзгерту: 20.11.2018 04:10