Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

Еңбектік қарым-қатынас

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан Жамбыл облысына 2019 жылға жалпы барлық жұмыс берушілерге шетел азаматтарын жұмысқа тартуға 774 квота белгіленген.

2019 жылдың 1 мамырына Жамбыл облысы бойынша 30 жұмыс берушіде берілген рұқсаттарға сәйкес 264шетел азаматтары жұмыс атқаруда. Шетел жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерде жұмыс атқарып жатқан қазақстандықтардың саны 4520 адамды құрайды.

Облыс аумағына шетел мамандары ішкі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тартылуда. Олардың негізгілері: сапа жөніндегі инженер, инженер-энергетик, жабдықтарды жинақтау жөніндегі инженер, жөндеу және сынақтан өткізу жөніндегі инженер, инженер-жобалаушы және т.б. мамандықтар.

 

Өзгерту: 24.05.2019 16:49