Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

Халықты жұмыспен қамту туралы

2019 жылдың 1 мамырына 9384 адам  жұмыспен қамтудың белсенді түрлерімен қамтылып отыр, соның ішінде 3574 адам ваканттық жұмыс орындарына орналасты.  Ағымдағы жылы ақылы қоғамдық жұмыстарға 3677 адамды тартуға 1610,6 млн. теңге қаралып, 1 мамырына   ақылы қоғамдық жұмыстарға 3245 адам  жолданды,  олардың еңбек ақысына 435,3млн. теңге жұмсалды.

2019 жылға әлеуметтік жұмыс орындарына 998 адам жіберілуі жоспарланып, 202,5млн.тг. қарастырылды. 2019 жылдың 1 мамырына әлеуметтік жұмыс орындарына 1171 адам жіберілді. Ал жастар практикасына 1489 жас түлек жіберуге жоспарланып, 601,5млн.тг. қарастырылған. 2019 жылдың 1 мамырына жастар практикасына 1394 түлек жіберілді.

Жұмыспен қамтудың  белсенді түрлерін  іске асыру нәтижесінде 2017 жылдың 4 тоқсанына жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрап, 2018 жылдың 4 тоқсанына жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрады. 15-24 жас арасындағы жастар жұмыссыздық деңгейі 3,1 пайыздан 2,8 пайызға дейін төмендеді, 15-28 жас арасындағы  жастар жұмыссыздық деңгейі 2,8 пайыздан 2,1 пайызға дейін төмендеді.

Жалпы, жұмыспен қамтылғандардың санындағы өз бетімен жұмыспен айналысушылардың үлесі  35,5 пайыздан 33,4 пайызға дейін төмендеді.

Өзгерту: 24.05.2019 16:50