Инвестициялық преференциялардың түрлері

Инвестициялық жоба (соның ішінде инвестициялық басым жобаға) бойынша инвестициялық преференциялардың мынадай түрлері беріледі:

  1. Кеден баждарды салудан босату: - бес жылдан аспайтын мерзімге технологиялық жабдықтар мен оның жинақтауыштарын импорттау кезінде; - технологиялық жабдықтарға қосалқы бөлшектердің, шикізаттың және (немесе) материалдардың импорты кезінде 5 жыл мерзімге дейін беріледі; - бес жыл мерзімге шикізат және (немесе) материалдар импорты кезінде.
  2. Мемлекеттік заттай гранттар: - Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын, уақытша өтеусіз пайдалануға берілетін не кейіннен меншікке не жер пайдалануға өтеусіз бере отырып, уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен берілетін мүлік; - мемлекеттік заттай гранттың ең жоғары мөлшері тіркелген активтерге инвестициялар көлемінің 30 пайызынан аспайды.

Инвестициялық преференцияларды алудың тәртібі мен шарттары

Инвестициялық преференциялар "Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №13 қаулысымен бекітілген қызметтің басым түрлерінің тізбесіне енгізілген қызмет түрлері бойынша инвестициялық жобаны Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған кезде беріледі.