Кәсіпкерлік субъектілердің санаттары

Заңды тұлғаны тіркеу кезінде жұмысшылардың болжамды орташа жылдық санын және кәсіпкерлік субъектінің орташа жылдық кірісн қарастыру қажет.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, оралмандар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері) кәсіпкерлік субъектілері болып табылады (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 23-б. 1-тармағы).

Жұмыскерлердің жылдық орташа санына және жылдық орташа кіріске қарай кәсіпкерлік субъектілері мынадай санаттарға жатқызылады: шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі кәсіпкерлік субъектілері (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-б. 1-тармағы):

  • микрокәсіпкерлік
  • 15 адамға дейін / 30 000 АЕК дейін; («2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңының 7-бабына сәйкес 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) 2 269 теңге мөлшерінде белгіленді);
  • шағын кәсіпкерлік - 100 адамға дейін / 300 000 АЕК дейін; - орташа кәсіпкерлік - 100 -250 адамнан бастап / 30 000-дан 3 000 000 АЕК дейін;
  • ірі кәсіпкерлік – 250 адамнан жоғары / 3 000 000 АЕК жоғары (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-б. 3, 5-6-тармақтары)

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн санаттарға жатқызу:

  • мемлекеттік статистика;
  • мемлекеттік қолдау көрсету;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану мақсаттары үшін пайдаланылады (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-б. 2-тармағы).

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін:

  • шетелдiк жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құралының немесе осы салада қызметiн жүзеге асыратын меншік иесі – заңды тұлғаның акцияларының (үлесiнiң, пайлардың) 20 пайызынан астамын тiкелей және (немесе) жанама түрде иеленуiне, пайдалануына, билiк етуiне және (немесе) басқаруына;
  • шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдiк заңды тұлғалардың магистральдық байланыс желілерін Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлға құрмай басқаруына немесе пайдалануына;
  • басқару орталығы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан байланыс желiлерiн оның аумағында құруға және пайдалануға; - байланыс және ақпарат саласындағы уәкiлеттi органның, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының келiсiмiнсiз, қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы ретiнде байланыс желісін иеленушi және (немесе) оларды басқару немесе пайдалану жөнiндегi қызметтi жүзеге асырушы ұйымның дауыс беретiн акцияларының, сондай-ақ үлестерiнiң, пайларының 10 пайызынан астамын жеке және заңды тұлғалардың дербес немесе тұлғалар тобы құрамында сатып алуына немесе өзгеше меншiкке алуына;
  • ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілген, байланыс және ақпарат саласындағы уәкілетті органның қорытындысына негізделген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің оң шешімінсіз қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы ретiнде телекоммуникациялар саласындағы қызметтi жүзеге асырушы, жер бетiндегi (кәбілдік, оның iшiнде талшықты-оптикалық, радиорелелiк) байланыс желілерін иеленуші заңды тұлғаның дауыс беретiн акцияларының, сондай-ақ үлестерiнiң, пайларының жиынтығында 49 пайыздан астамын шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдiк заңды тұлғалардың тiкелей және (немесе) жанама түрде иеленуiне, пайдалануына, билiк етуiне және (немесе) басқаруына тыйым салынады («Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы заңының 23-б. 6-тармағының 3), 7)-тармақшалары).

Өзгерту: 21.11.2018 17:13