Кәсіпкерге жадынама

Өздерiнiң құрылу мақсатында, өз қызметiнiң түрi мен сипатына, қатысушылар (мүшелер) құрамына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын барлық заңды тұлғалар мемлекеттiк тiркеуге жатады. Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi, оларға заңды тұлға құқығы берiлмей-ақ есептiк тiркеуге жатады («Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы заңының 3-бабы (бұдан әрі – «Тіркеу туралы заң»)).

Заңды тұлғаны онлайн тіркеу 

Заңды тұлғалардың түрі және нысандары

Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 34-бабы 2- тармағы).

Кәсіпкерлік субъектілердің санаттары

Заңды тұлғаны тіркеу кезінде жұмысшылардың болжамды орташа жылдық санын және кәсіпкерлік субъектінің орташа жылдық кірісн қарастыру қажет.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, оралмандар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері) кәсіпкерлік субъектілері болып табылады (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 23-б. 1-тармағы).