Облыс тұрғындарының назарына!

Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес 2019 жылғы 22 ақпанда сағат 11.00-де «Баласағұн» орталық концерт залында облыс әкімі Асқар Исабекұлы МЫРЗАХМЕТОВТІҢ халыққа есеп беру кездесуі өтеді.

Облыс әкімдігінің 03.03.2018 жылғы №27 қаулысымен бекітілген облыс әкімінің облыс тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат (01.01.2019 жылға)