Тараз қаласы күніне орай ашылған Жамбыл Жабаев ескерткіші маңындағы алаңша мен орталық «Достық» алаңында әсем, сазды субұрқақтар ашылды

Жамбыл Жабаев ескерткіші маңындағы субұрқақ жобасын толықтай «Atameken-Energy» ЖШС қытайлық әріптестерінің сызбасы негізінде іске асырған.

Төрт қатардан тұратын екі субұрқақтың әрқайсысында үш түтік бар. Егер субұрқақ қарқынын жоғарылатса, биікке көтерілген су әуеде түйісіп, халқымыздың ауызбіршілігін айғақтайды. Осы арқылы жобалаушылар ұлттық құндылығымызды көрсетуге тырысқан.Жобаны «Жасыл Ел-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тапсырысы бойынша жасап шықтық.

Субұрқақтардың ерекшелігі, әуенмен су шашады. Ол үшін арнайы электронды бағдарлама орнаттық. Мұнда субұрқақ пен оның әуендерін басқарып отыру үшін арнайы операторлық бөлме де қарастырылған.

Айта кету керек, бұл күні «Достық» алаңындағы тағы 6 субұрқақ пайдалануға берілді. Қайта жаңғырған субұрқақтар тараздықтарға қала күнінде тамаша тарту болды.

Өзгерту: 18.11.2018 08:12