Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары арасында конкурс өткізу туралы хабарландыру

Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары арасында конкурс өткізу туралы хабарландыру

Жергілікті бюджет қаражатынан 2019/2020 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы.

Конкурс ұйымдастырушысы

Жамбыл облысы әкімдігінің білімбасқармасы

Пошталық мекен жайы: 080000, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би көшесі, 35, 210-кабинет

Байланыс телефондары: 8(7262) 438881

Конкурс туралы ақпарат

Конкурс Жамбыл облысы әкімінің 2019 жылғы 9 шілдедегі «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары және жоғары оқу орынынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқытуға жоғары оқу орындары арасында конкурс өткізуді жариялау туралы» №194-ө өкімі негізінде өткізіледі.

Конкурсқа мамандықтар шегінде әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толық мүшелері болып табылатын және білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген шетелдік немесе ұлттық аккредиттеу органдарында халықаралық аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындары қатыса алады.

Конкурс қатысушылары дайындаған конкурстық тапсырыс мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.

1. Жоғары оқу орнының өтінімі (13-қосымша*)

2. Жоғары оқу орнының сауалнамасы (6-қосымша*)

3. 2018-2019 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстар (7-қосымша*).

*ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтарындағы №122 бұйрығымен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына қосымша (2018 жылғы 31 қазандағы  №609 бұйрықпен енгізілген өзгерістермен)

Берілген қосымшалар қағаз және электронды тасымалдағышта ұсынылады.

Ақпараттық картаның және мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша ұсыныстардың электрондық нұсқасын адрес oblono_kadr@mail.ru электронды мекен жайға жіберу қажет.

Конкурстық өтінімге ұсынылған құжаттар тігілген, нөмірленген, жоғары оқу орнының бірінші басшысының қолы қойылып,  мөрмен расталуы қажет.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер желімделген конвертте 080000, Жамбыл облысы, Таразқаласы, Төле би көшесі  36, 209-кабинетке жіберіледі.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімдері: 

2019 жылғы 10-16 шілде аралығында сағат 18.30-ға дейін (Астана қаласының уақытымен).

Өзгерту: 15.07.2019 09:51