Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

Көптеген мәселелердің шешімі – қосалқы шаруашылық

Аймақ басшысы Асқар Мырзахметов облыс орталығынан шалғай орналасқан Шу ауданына жұмыс сапарымен барды. Тоғыз жолдың торабына тұрақтаған тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін көзбен көрген облыс әкімі бірнеше ауылдық округті аралап, Қонаев ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Облыс басшысы ауылдағы ағайынмен кездесу барысында «Қарапайым заттар экономикасы» жобасы аясында облыс тұрғындарының бірі қалмай қамтылатынын және олардың тұрмыс деңгейін көтеру үшін нақты жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді. 
Ауданға барған жұмысшы топтар ондағы 18 ауылдық округке бөлініп, ауылдықтардың бүгінгі хәл-ахуалымен танысты. Ондағы мақсат – «Ауылдық елді мекендердің әл-ауқатын көтеру» жобасы аясында ауылды жерлерде атқарылып жатқан жұмыстарды көріп, халықтың талап-тілегіне құлақ түріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Дәлірек айтсақ, аталмыш жоба аясында елді мекендерде жеке қосалқы шаруашылық пен шағын кәсіпкерлікті дамыту және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру бойынша қолға алынып жатқан нақты істерді көзбен көру. 
Өңір басшысының Шу ауданына жұмыс сапары аудандық мәдениет үйінде өткен актив жиынында қорытындыланды. Онда Асқар Исабекұлы ауданға жауапты жұмысшы топ жетекшілері мен аудан әкімі Жарылқасын Айтақовқа нақты тапсырмалар жүктеп, алдағы жұмыстарды бақылауда ұстауын тапсырды.

Өзгерту: 09.07.2019 16:56