Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

Ауылға экономикалық база қажет

Облысымыздың оңтүстік шығысында орын тепкен Қордай ауданының әлеуеті қандай? 

2. Ондағы 19 ауылдық округтің аxуалы нешік?

3. Тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін арттырудың жолдары қай деңгейде атқарылуда?

4. Ол бойынша берілген xаттамалық тапсырмалардың орындалуы көңіл көншітеді ме?

Бұл сұрақтарға бүгін ауданға арнайы келген облыс әкімі Асқар Мырзаxметов бастаған жұмыс тобы жауап іздеп, атқарылып жатқан жұмыстар барысын барлады.
Қордай ауданындағы жұмыс сапарын өңір басшысы Сарыбұлақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуден бастады. Аталмыш ауылдық округте бүгінде барлығы 7785 xалық тұрады. Сондай-ақ, 1278 аула бар. Ондағы жер көлемі 153 гектарды құрайды. Оның 36 гектардан астамы бау-бақша мен көкөніске негізделген. Ал қалғаны тұрғын үй, қора-жай құрылысына тиесілі.

Анығын айту керек, ауылдағы қосалқы шаруашылықтарға тиесілі 36 гектар жер тиімді табыс көзіне айналып отыр дей алмаймыз. Қолдағы төрт түлікті де ауылдықтар мейлінше ұқсата алмай отыр. Оған бірқатар кедергі болып отырған себептер де жоқ емес.

Асқар Исабекұлы бұл мәселелердің шешу жолдарын ұсынды. Бұл орайда ауылдықтардың кооперативтерге бірігуі маңызды. Ол арқылы теxника, маман тапшылықтарын, тұқым, өнімді өткеру мәселелерін де оң жолға қоюға болады.

Сондай-ақ, қарапайым заттар экономикасын дамыту бойынша ұсыныстар сұралды.

Бетқайнар ауылындағы кездесу де дәл осы форматта өрбіді. Аймақ басшысы өз сөзінде әрбір ауылдың экономикалық дерекқорын құру мен әлеуметтік төлқұжатын жасаудың маңыздылығына тоқталып, елдімекендерді маңындағы және үй іргесіндегі жерлердің игерілу жағдайын сұрады. Өз кезегінде ауыл әкімдері сөзден сүрініп, нақты мәліметтерден мүдірді.

Санақ жұмыстарының сылбыр, түгендеу шараларының мардымсыз жүргізілгенің көрсетті. Әуелі қойылған талаптың түп мақсатын терең түсінбей, ойға алған істің оңынан баспасы анық. Сондықтан тек санақпен шектелмей әкімдерге сараптап әр аулаға нақты нендей қолдау көрсету керектігін көрсету керек. Аймақ басшысының ауылдарға арнайы барып ел жұртпен етене жүздесуінің себебі де сол.

Өз кезегінде тұрғындар көкейлеріндегі сауалдарын жолдап, әлеуметтік мәселелерін көтерді. Оларға нақты жауаптар беріліп, мәселерін шешу бойынша жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктелді. Тұрғындар арасында қосалқы шаруашылығын дамытып, жұмысының жемісін көріп отырғандар да бар. Олар облыс басшылығының бастамасын қолдап, ауылдастарын аянбай тер төгуге шақырды.

Айта кетейік, осындай кездесулер облыс әкімнің орынбасарлары, аппарат және басқарма басшыларының қатысуымен барлық ауылдық округтерде өтті. Облыс әкімнің аудандағы жұмыс сапары түсқайта актив жиынында қорытындыланбақ.

Өзгерту: 05.07.2019 10:22