Қадірлі жамағат!

Ардақты ағайын!

Сіздерді Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін бұл мерекенің қаншама ғасыр өтсе де мән-маңызы кемімей, жыл өткен сайын артып келеді. Ұлық мерекеде исі мұсылман баласы Алла-тағаланың құдіретіне сиынып, пайғамбарымызға салауат айтады. Біріне-бірі қайырымдылық жасауға ұмтылады. Елінің тыныштығын, отбасы мен Отанының амандығын тілейді.

Бұл – жақындасу мен рухани түлеудің, адалдық пен шынайы ықылас-ниеттің мерекесі.

Сондықтан, отыз күн ораза тұтқан мұсылман қауымы бұл мерекені ерекше ықыласпен қарсы алады.

Бүгінде елімізде, оның ішінде өңірімізде діни ахуал қалыпты жағдайда. Қазіргі уақытта облыста 346 діни бірлестік пен филиалдар бар. Оның 300-і мешіт. Ол мешіттерде барлығы 414 діни қызметкер еңбек етеді. Аталған діни қызметкерлердің 12,6 пайызы жоғары, 20, 8 пайызы орта білімді, қалған 66,6 пайызы қысқа мерзімді сауат ашу курстарын бітірген. Ел татулығына олардың қосып отырған үлесі зор. Сондай-ақ, айта кету керек, демеушілердің атсалысуымен облыстағы 300 мешіттің 295-іне бейне бақылау жүйесі орнатылған.

Бүгінде Қазақстан діни татулықтың, ұлттық бірліктің, қоғамдық жарасымның үлгісі болып отыр.

Ораза айт тек мұсылмандар қауымы емес, бүкіл еліміз үшін айтулы мерекенің бірі. Өйткені Ислам мейірімділікті, жауапкершілікті, шыдамдылықты, тыныштық пен тұрақтылықты үндейді. Мұндай жасампаз құндылықтар барлық отандастарымызды біріктіре түседі.

Елімізде ислам дінімен қатар өзге де дәстүрлі діндер бірін-бірі жатсынбай, ортақ бір мақсатта өмір сүруде.

Құрметті мұсылман бауырлар!

Қасиетті Ораза айт мерекесі ынтымағымызды нығайтып, шаңырағымызға шаттық пен мол игілігін әкелсін! Баршаңызға табыс, зор денсаулық және бақ-береке тілеймін! Ниет-тілектеріңіз қабыл болсын!

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ,

Жамбыл облысының әкімі.

Өзгерту: 05.06.2019 11:38