Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

2020 жылғы 25 маусымда онлайн режимде  ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау науқаны аясында Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті

 

2020 жылғы 25 маусымда онлайн режимде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (бұдан әрі - Ортсайлауком) отырысы өтіп, мына мәселелер қаралды:

 

  1. "ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан өтелетін шығыстарының мөлшерін белгілеу және ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлау қорлары туралы";

 

  1. "ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын өткізу кезінде ҚР Орталық сайлау комиссиясының Интернет-ресурсының функционалын пайдалану регламентін бекіту туралы".

 

Отырысты аша отырып, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев 2020 жылғым 12 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқанының барысымен қысқаша таныстырды.

 

"Ағымдағы жылғы 25 маусымдағы жағдай бойынша 88 адам ұсынылды. Орташа алғанда бір депутаттық орынға 5 адам үміткер болып отыр" - деп атап өтті Төраға Б.Имашев.

 

Отырыстың бірінші мәселесі бойынша Ортсайлауком хатшысы Сәбила Мұстафина баяндама жасады. С.Мұстафина өз баяндамасында мемлекет кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарында өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін тең қаражат бөлінуіне кепілдік беретінін атап өтті:

 

- теледидарда (тікелей эфирде немесе жазбада) - он бес минут;

 

- радиода-он минут;

 

- мерзімді баспа басылымдарында немесе желілік басылымдарда жарияланым үшін екі мақала 0,1 баспа табақтан артық емес.

 

Жоғарыда баяндалғанның негізінде ОСК өз қаулысымен ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан өтелетін шығыстарын 450 000 теңге көлемінде белгіледі: 1) теледидардан, радиодан бағдарламамен сөз сөйлеу және мерзімді баспа басылымдарында 2 мақала жариялау үшін - 300 000 теңге; 2) сайлау алдындағы көпшілік іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығару үшін - 70 000 теңге; 3) көлік шығындары үшін - 80 000 теңге.

 

Сондай-ақ, С.Мұстафина ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлау қорлары туралы ақпаратты түсіндірд

Өзгерту: 26.06.2020 16:15