Жамбыл облысында коронавирустың 20 жаңа жағдайы анықталды

22 мамыр күні Жамбыл облысында коронавирустың 20 жаңа оқиғасы тіркелді. Ауырғандардың қатарында 16 ер адам, үш әйел және бір кәмелетке толмаған бала бар.

Тараз тұрғындарының арасында бірден тоғыз оқиға анықталды, олардың барлығы бұған дейін ауырғандармен байланыста болған 6-62 жастағы адамдар.
Сондай-ақ, COVID-19 диагнозы Талас ауданының алты тұрғынынан расталды. Олар да инфекцияны науқастармен қарым-қатынас кезінде жұқтырған. Емделушілер 34-66 жас аралығындағы тұрғындар.

Ал, екі оқиға Т.Рысқұлов және Байзақ аудандарында орын алған. Екеуі де байланыста болған тұлғалар. Бірінші науқастың жағдайы ауруханаға жатар алдында талдама тапсыру кезінде, екіншісі жоспарлы медициналық тексеру барысында расталған.

Сонымен қатар, Жамбыл ауданындағы Айша бибі бекетінде мемлекетаралық шекарадан өту кезінде жүк көлігінің 1982 жылғы жүргізушісінен ауру анықталған. Алгоритмге сәйкес, одан алынған талдаулар қорытындысы COVID-19-ға оң нәтиже берген.

Ағымдағы жылдың 22 мамырындағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 249 жағдайы тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында - 109, Байзақ ауданында - 32, Жамбыл ауданында - 8, Қордай ауданында - 46, Меркі ауданында - 6, Шу ауданында - 2, Талас ауданында - 12, Рысқұлов ауданында - 2, Мойынқұм ауданында - 1.

Сондай-ақ, Дели - Тараз рейсі жолаушыларынан 6, Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасынан 25 оқиға анықталды.

Барлық ауырғандардың 163-і сауығып, дәрігерлердің қадағалауындағы үй карантиніне шығарылды.

Өзгерту: 23.05.2020 13:11