Ағымдағы жылдың 26 наурызы күні Жамбыл облысы Қордай ауданының 1974 жылы туған тұрғынынан коронавирустық инфекция жағдайы расталды.

Ағымдағы жылдың 26 наурызы күні Жамбыл облысы Қордай ауданының 1974 жылы туған тұрғынынан коронавирустық инфекция жағдайы расталды. Бір күн бұрын ол өңірімізге отбасымен бірге Қырғыз Республикасынан келген.

Белгіленген алгоритмге сәйкес үйлесімді іс-әрекеттердің арқасында бес адамнан тұратын бұл отбасы шекарадан енген сәттен бастап стационарлық карантинге оқшауланған. Зертханалық талдаулар қорытындысымен бір адамда вирустың бар екені анықталып, отбасының басқа мүшелерінің талдауы теріс нәтиже көрсеткен.

Науқас жұқпалы аурулар стационарына ауыстырылды, қалған азаматтар стационарлық карантинде медициналық бақылауда болады.

Онымен байланыста болған адамдар тобы анықталып, індетке қарсы тиісті іс-шаралар жүргізілуде. жұқпалы аурулар стационарына ауыстырылды, қалған азаматтар стационарлық карантинде медициналық бақылауда болады.

 Дерек көзi: www.coronavirus2020.kz

Өзгерту: 27.03.2020 00:29