Жамбыл облысы тұрғынының коронавирусқа талдауы қосымша зерттеу үшін Алматы қаласына жіберілді

1991 жылы туған науқас Шу ауданы ауылдарының бірінің тұрғыны болып табылады. Ол  23 наурыз күні Қырғыз Республикасынан  Жамбыл облысына өзінің жеке автокөлігімен келген.

Елге келген соң аталған тұрғынға зертханалық тексеру жүргізіле отырып, карантиндік стационарға оқшауланды. Алдын ала жүргізілген талдаулар қорытындысы коронавирустық инфекцияға оң нәтиже көрсеткен.

Алынған биоматериалдар  қосымша зерттеу үшін Алматы қаласына жіберілді. Соңғы нәтижелер зертханалық зерттеу қорытындысы алынғаннан кейін жарияланады.

Науқастың жағдайы қанағаттанарлық, көңіл-күйі жақсы, коронавирустық инфекция белгілері байқалмайды.

Айта кетейік, аталған тұрғынмен 13 адам жақын байланыста болғандығы анықталған. Олардың барлығы карантиндік стационарға оқшауланған. Жағдайылары қанағаттанарлық. Зерттеу үшін талдаулар алынды.

Мекен жайы және орналасқан жері бойынша дезинфекциялық өңдеу шаралары жүргізілді.

Осы орайда,  әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде Рысқұлов ауданының тұрғыны туралы ақпарат таратылуда. Бұл хабарлама шындыққа сай келмейді.

 

Облыс тұрғындарын мұндай жалған хабарламаларды таратпауға, ресми көздерден ғана ақпарат алуға және сенуге шақырамыз.

Өзгерту: 25.03.2020 16:03