Өңірде коронавирусты жұқтырудың алғашқы дерегі анықталды.

Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары!

Өңірде коронавирусты жұқтырудың алғашқы дерегі анықталды.

Алгоритмге сәйкес жауапты қызметтердің үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде ауырған адам стационарлық карантинге оқшауланып, дәрігерлердің бақылауына алынды.

Байланыста болған адамдар анықталды және олар да карантинге орналастырылды.

Толық ақпарат ертең сағат 10.00-де арнайы брифинг арқылы жұртшылыққа жеткізіледі. Тікелей эфирді Хабар24 арнасынан көрулеріңізге болады.

Баршаңыздан сабырлық танытуларыңызды сұраймыз. Барлық жағдай бақылауда.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған ақпараттың таралуына байланысты сіздерді тексерілмеген хабарламаларға сенбеуге және жібермеуге шақырамыз. Ол үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған ескертеміз.

Өзгерту: 25.03.2020 01:48