Халық қалаулылары халық ішінде

Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Қайрат Қожамжаров, Мұратбай Жолдасбаев және Абдалы Нұралиев облыстық кәсіподақ  ұйымының басшылығы және мүшелерімен кездесті. Кездесуге облыс әкімінің міндетін атқарушы Бекболат  Орынбеков қатысты.

Жиында  облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Мейрамбек Төлепберген баяндама жасап, бірқатар өзекті мәселелерге тоқталып, орамды ой-ұсыныстарын жеткізді.

Кездесуде ұжымдық шарттар, жұмысшылар қауіпсіздігі, еңбек адамын қорғау,  шағын кәсіпкерлікті қолдау, жалақы мәселелері көтеріліп, талқыға түсті.

Айта кетейік, бүгінде облыстық кәсіподақтар бірлестігінің 120 мыңнан астам мүшесі бар. Аймақтағы 15 салалық кәсіподақ ұйымдарындағы 1300-ден астам бастауыш ұйымы жұмыс жасап келеді.

Өзгерту: 09.01.2020 16:18