«Бизнес-Өсу»

«Бизнес-Өсу» - оқытудың «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша курстардан өткендігі туралы сертификаты бар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылады.

Оқыту курсының мақсаты-өндіріс процесі барысында ресурстардың барлық түрлерін (уақыт, қаржы, адамдар, шикізат және материалдар) тиімді басқаруға, тауарлар мен қызметтер сапасының өсуіне қол жеткізуге, өзіндік құнды төмендетуге мүмкіндік беретін білімді беру және дағдыларды қалыптастыру. Бұл кәсіпкерге тауарлар мен қызметтер нарығында баға факторларының (сервистің), сондай - ақ баға факторларының (сервистің) есебінен бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізуге, адам факторының әсерін барынша азайтуға, ақау үлесін төмендетуге, жұмыс процестерінің жоғары бақылануы мен басқарылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Бизнес-Өсу» жобасының тыңдаушыларын оқыту және оқу-әдістемелік материалдарды, шағын кәсіпкерлікті құру идеяларының анықтамаларын ұсыну өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

«Бизнес-Өсу» жобасына қатысу үшін белгіленген үлгідегі өтініш, жеке куәліктің көшірмесі, ЖК/ЖШС мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру қажет.

Қосымша ақпаратты телефон арқылы алуға болады 8 (7262) 555-911 

Өзгерту: 21.11.2018 17:53