Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

Жекешелендіру бойынша

Жамбыл облысы бойынша бәсекелес ортаға беру үшін Жекешелендірудің кешенді жоспарына 37 ұйым енгізілген. 2015-2017 жылдары 24 ұйым бәсекелес ортаға берілді, оның ішінде 11 ұйым сенімгерлік басқаруға, 13 ұйым 1 млрд. 951 млн. теңгеге сатылды. 6 ұйым таратылды.

2018 жылы қалған 7 ұйымның 2-і сатылды («Тараз» ӘКК» АҚ-на қарасты «Торгово-закупочная компания» ЖШС-і 158,4 мың тенгеге және «Тоғызкент» ЖШС-і 4 879,1 мың тенгеге), 5 кәсіпорын бекітілген Жол картасына сәйкес бірнеше рет сауда саттықтарға қойлған («Жамбыл Жылу» МКК - 2 рет, «Темир жол Жылу» МКК - 2 рет, «Айша биби» МКК - 1 рет, «ТЭЦ» АҚ - 2 рет, «Таразкоммуналкөлік» ЖШС - 2 рет), алайда қатысуға өтінім болмауына немесе 2-і өтінімнен кем болуына байланысты сауда саттықтар өтпеген болып танылды. Қазіргі уақытта, аталған кәсіпорындар қайтадан сауда саттықтарға қойылды. Сатудың жобаланған мерзімі қазан айы.

Кәсіпорындарды бәсекелес ортаға берудің нәтижесінде, 3 жылда Жамбыл облысының бюджетіне жалпы сомасы 1 956,0 млн. теңгені құрайтын қаражат түсті.

(Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінен 2019 жылы жекешелендіруге жатқызатын кәсіпорындар бойынша ұсыныс беру жөнінде тапсырма түспеген. Ауызша алынған түсіндірмеге сәйкес, ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілетін, 2019 жылы жекешелендіруге жататын кәсіпорындардың тізбесінде, Жамбыл облысының кәсіпорындары жоқ).

Өзгерту: 21.11.2018 17:21