Салық бойынша

2019 жылдың 1 қаңтарына мемлекеттік бюджетке жоспарда 79 млрд. 389,9  млн.теңге болса, 85 млрд. 811,5 млн.теңге сомасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жиналып, жоспар 108,1%-ға қамтамасыз етілді.

Салық бойынша

2018 жылдың 1 желтоқсанына мемлекеттік бюджетке жоспарда   73 млрд. 117,0  млн.теңге болса, 77 млрд. 362,2 млн.теңге сомасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жиналып, жоспар 105,8%-ға қамтамасыз етілді.

Салық бойынша

2018 жылдың 1 қазанына мемлекеттік бюджетке жоспарда 58 млрд. 914,6 млн. теңге болса, 62 млрд. 085,4 млн. теңге сомасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жиналып, жоспар 105,4%-ға қамтамасыз етілді.

Жекешелендіру бойынша

Жамбыл облысы бойынша бәсекелес ортаға беру үшін Жекешелендірудің кешенді жоспарына 37 ұйым енгізілген. 2015-2017 жылдары 24 ұйым бәсекелес ортаға берілді, оның ішінде 11 ұйым сенімгерлік басқаруға, 13 ұйым 1 млрд. 951 млн. теңгеге сатылды. 6 ұйым таратылды.