ЖО инновациялық қоры

Инновациялар

Отандық өнеркәсіптің бәсекелестігі мен өнімділігін жоғарлатуда табысқа жетудің айқындаушы факторы инновациялық қызмет болып табылады, отандық және шетелдің ғылыми-техникалық және технологиялық потенциалын қолдану және соның негізінде бәсекеге қабілетті өндірісті құру.

Инновациялық даму облысындағы саясаттың негізгі мақсаты иннновациялық жүйенің басты элементтерін: ғылыми потенциал, инновациялық инфрақұрылым, қаржы инфрақұрылымы, инновациялық кәсіпкерлікті құру және дамыту болып табылады.

Аяқталған инновациялары бар кәсіпорындардың инновациялық қызметтің негізгі түрлері: жаңа технологиялар, коңдырғыны, материалдарды енгізу, ғылыми-зерттеу қызметі, инновацияның басқа түрлері болып табылады.

Аяқталған технологиялық инновациялары бар кәсіпорындардың ең үлкен саны Тараз қ., Кордай ауданында қызмет етеді.

Жамбыл облысы әкімдігімен жергілікті инноваторлармен инновациялық жобаларды іске асыру барысында индустриальды инновациялық кызметті мемлекеттік қолдау инструменттерін насихаттау және оларды қолдану бойынша тұрақты жұмыс жүргізіледі. Инновациялық жобалардың потенциалды ұсынушыларына «Инновациялар 2020» бағдарламасы, «Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттік» АҚ қызметі бойынша және т.б. консультациялар беріледі.

Қазіргі уақытта инновациялық жасалымдар «М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті», «Тараз инновациялық гуманитарлық университеті», «Су шаруашылығы ҚазҒЗИ» мекемелердің зерттеу және ғылыми лабораториялар негізінде және де жеке кәсіпорындар мен жеке тұлғалардың өз күштерімен жүргізілуде.

 

ЖО инновациялық дамуы

Жамбыл облысының Кәсіпкерлік қолдау картасындағы
жобалардың жүзеге асырылуы бойынша
ақпарат

Қазақстан Республикасының индустриялды-инновациялық дамуының екінші бесжылдығы 2015-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясында, Жамбыл облысында Кәсіпкерлік қолдау картасы бойынша, жалпы құны 512,5 млрд. теңгені құрайтын 34 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жобаларды іске асыру барысында құрылыс жұмыстары кезеңінде 5830 және іске қосылу кезеңінде 5467 жаңа жұмыс орынның ашылуы жоспарлануда, олардын ішінде жалпы құны 356,5 млрд. теңгені құрайтын 1 инвестициялық жоба Республикалық картабойынша іске асырылуда және іске қосылу кезеңінде 2000 жаңа жұмыс орынның ашылуы жоспарлануда ("ЕвроХимТыңайтқыштар" ЖШС-і – "Минералды тыңайтқыштарды өндіру Қаратау қ. Химзауытының құрылысы").