Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

Информация по газификации

Облыста 377 елді мекен бар. Оның газдандырылғаны 181, немесе 48 пайызы. Болашақта 2018-2027 жылдары газдандырылатыны 196 елді мекен, немесе 52 пайызы. Осы программа жүзеге асқанда облыстағы елді мекендерді толығымен 100 пайыз газдандыру жоспарлануда.

2008 жылы облыс бойынша 48 елді мекен тауарлық газ тұтынған болса, 2018 жылдың 1 қаңтарына 181-ді құрады. Демек, соңғы 10 жыл ішінде газдандырылғаны 133 елді мекен.

Қазіргі таңда, Талас ауданының 5 елді мекенін және Сарысу ауданының 4 елді мекеніне газдандыру жобасының құрылысы жүгізілуде. Құрылыс құны 4,8 млрд. теңге.Құрылыстың аяқталу уақыты 2018 жылғы 25 желтоқсан. Құрылыс жұмысы аяқталған кезде 128,4 шм газ құбыры салынып, облыстың газдандыру деңгейі 50 пайызға жеткізу көзделуде.

Сонымен қатар, ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ-ның Тараз қаласының газ таратушы желілерін жаңғырту жөніндегі ауқымды жобаларының бірін іске асыруды 2012-2020 жылдар аралығында жоспарланған. Негізгі мақсат – тұтынушыларды газбен жабдықтау сенімділігін арттыру үшін газ желілері мен жабдықтарды жаңарту болып табылады.

2018 жылы жоспарға сәйкес (Тайвань алқабы) бойынша  68 км жерасты газ құбырлары ауыстырылып, 2 289 жеке шкафтық пункттер орнатылды.

Өзгерту: 26.11.2018 13:16