Энергетика

2018 жылы Тараз қаласындағы соғылып жатқан жаңа тұрғын алқаптарында тұрақты, сенімді электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында, жалпы соммасы 3,1 млрд.теңгені құрайтын 2017 жылы басталған 3 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Бұл жобаларға 2018 жылы республикалық бюджеттен 1 804,0млн.теңге бөлінді,жергілікті бюджет есебінен қосымша қаржыландыру ретінде 119,7 млн.теңге  бөлінген, оның ішінде:

  • «Барысхан» жаңа тұрғын алқабында жоғары кернеулі подстанциясының құрылысына – 578, 8млн.теңге РБ-дан;
  • «Астана» қосалқы стансасының екінші кезеңін іске асыру үшін 145,4 млн.теңге, РБ-дан;
  • «Сабалақов» көшесінің бойындағы жаңа тұрғын алқабқа қажетті жоғарғы кернеулі подстанциясына – 1 079, 8 млн.теңге РБ-дан және 119,7 млн. теңге облыстық бюджеттен.

Екі жоба  ағымдағы жылы (қараша, желтоқсан айларында іске қосу жоспарлануда). Бір жоба өтпелі, аяқталу мерзімі 2019 жылға қарастырылған.

Өзгерту: 26.11.2018 13:17