Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

«Нұрлы жол»

Ағымдағы жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдалмамасы аясында Тараз қаласының жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша 1,786 млрд. теңге сомасына жұмыстар атқарылып, 3,1 шақырым магистралды желілері ауыстырылды, оның ішінде:

  • Абай даңғылы бойындағы жылу магистралін реконструкциялау жобасына 657,9 млн.теңгеге, ұзындығы 1,1 шақырым желілерді ауыстырылды.
  • М-2 жылу магистралін реконструкциялау жобасына 406,2 млн.теңге бөлініп, ұзындығы -  770 метр желілері ауыстырылды.
  • М-4 жылу магистралін қайта жаңғырту жобасына 722,3 млн. теңге бөлініп, ұзындығы -1,1 шақырым желілері ауыстырылды.

Сонымен қатар, бағдарлама аясында 2019 жылға 9,3 шақырымды ауыстыруға 7,6 млрд.теңге қарастырылған.

Бұл атқарылатың жұмыстардың нәтижесінде Тараз қаласының желілердің тозу деңгейін 68,6%-дан 48,2% дейін төмендетуге және тұрғындарды сапалы және үздіксіз жылумен қамтуға  толықтай мүмкіндік беретін болады.

Өзгерту: 26.11.2018 13:19