Меркі петроглифтері

Ерте темір дәуірінде салынған Меркі өзенінің бойында орналасқан тарихи суреттер галереясы. Ерте темір дәуірінде адамзат баласы өзінің табынатын заттарын күнге күйген жылтыр тау жартастарына қашап, сурет етіп бейнелеп отырған. Әрбір салынған суреттер сол кездегі адамдардың жазба тілі ретінде қалыптасып, өзіндік терең мағына берген. Ол суреттерде жануарлар, адамдар, арбалар, көне тайпалардың салт-дәстүрі, діни нанымдары, аңшылық пен соғыс ісіне байланысты бейнелерімен қос ортағасырлық таңбалар, руникалық жазулар кездеседі. Бұндай сирек кездесетін жазбалар Талас және Орхон Енесей алқаптарында сақталған.

Мұндай таңбалы тас суреттер - бүкіл әлемдік мәдени жәдігерлер қатарында.

Өзгерту: 22.11.2018 14:17