Тоспалы жартас суреттері

Тоспалы жартас суреттері - қола дәуірі (б.д.д. 4 мыңжылдықтардың аяғы - б.д.д.1-мыңжылдықтың басы) кезеңдегі тау жартастарында салынған суреттер. Бұл кезде неолит дәуірінің мәдениеті дамып, металл игеріле бастады.

Осындай ерте дәуірде адамзат баласы өзінің табынатын заттарын күнге күйген жылтыр тау жартастарына қашап, сурет етіп бейнелеп отырған. Әрбір салынған суреттер сол кездегі адамдардың жазба тілі ретінде қалыптасып, өзіндік терең мағына берген. Ол суреттерде ежелгі адамдар жануарларды, адамдарды, арбаларды, көне тайпалардың салт-дәстүрін, діни нанымдарын, аңшылық пен соғыс ісіне байланысты бейнелерін бейнелеген. Мұндай таңбалы тас суреттер - бүкіл әлемдік мәдени жәдігерлер қатарына жатады.

Өзгерту: 22.11.2018 10:52