Қали Жүніс моншасы (ХХ ғ. басы.)

1906 жылы моншаны Әулиеата қаласының тұрғыны, меценат Қали Жүніс өз қаржысына салдырған. Монша Әулиеата кезеңінің сәулет өнері ескерткіші болып саналады. Монша тек қана санитарлық-тазалық орталығы ғана емес, ол саясаткерлер, саудагерлер, әскерилер және қала тұрғындарының көптеген ортақ мәселелерін шешетін, тынығып дем алатын орны да болған.

Монша - ортағасырлық Шығыс моншаларына тән сипатта салынған.  Салтанатты күмбездермен көмкерілген түрлі көлемдегі 10 бөлмеден тұрғызылып, бір-бірімен иінді өткелдер арқылы жалғасқан.

Қали Жүніс моншасы өткен ғасырдың 20-шы жылдарына дейін жұмыс істегені тарихтан белгілі.

Өзгерту: 22.11.2018 10:25