Меркі қалашығы (VІІ-ХІІІ ғғ.)

Меркі қалашығы (VІІ-ХІІІ ғғ.)

Меркі қалашығы - алғашқы тарихи атын сақтап қалған ежелгі қалашықтың бірі. Ол алғаш рет ІХ-Х ғғ. Кудама Ибн Хордадбектің қолжазбаларында аталады. Ол, оны, үлкен елді мекен деп атаған. Одан кейін қалаға неғұрлым тыңғылықты сипаттама берген ортағасырлық араб тарихшысы әл-Макдиси болды. Ол:«Мирки-орташа аумақты, бекемделген ішкі қамалы бар қала. Алқалы мешіті, ертеде шіркеуі болған» деп жазған болатын.

Сыпатай батыр мавзолейі (1781–1868ж.ж.)

Сыпатай батыр мавзолейі (1781–1868ж.ж.)

Ескерткіш ХІХ ғасырдың аяғында Қоқан хандығына қарсы күрескен, Қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісінің көсемі Сыпатай батырға арналған. 1991 ж. Сыпатай батырдың 210 жасқа толуының құрметіне орнатылды. Сыпатай батыр қазақ және қырғыз халықтарының арасына кеңінен танылған, халықтың 1840-60 жылдардағы саяси өмірінде өзіндік із қалдырған тарихи тұлға.

Меркі петроглифтері

Ерте темір дәуірінде салынған Меркі өзенінің бойында орналасқан тарихи суреттер галереясы. Ерте темір дәуірінде адамзат баласы өзінің табынатын заттарын күнге күйген жылтыр тау жартастарына қашап, сурет етіп бейнелеп отырған. Әрбір салынған суреттер сол кездегі адамдардың жазба тілі ретінде қалыптасып, өзіндік терең мағына берген. Ол суреттерде жануарлар, адамдар, арбалар, көне тайпалардың салт-дәстүрі, діни нанымдары, аңшылық пен соғыс ісіне байланысты бейнелерімен қос ортағасырлық таңбалар, руникалық жазулар кездеседі. Бұндай сирек кездесетін жазбалар Талас және Орхон Енесей алқаптарында сақталған.

Баласағұн  қалашығы (VI-XIII ғ.ғ.)

Баласағұн қалашығы (VI-XIII ғ.ғ.)

Баласағұн қаласы – Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан ірі қалашықтардың бірі. Ұлы Түрік қағанатының кезінде салынған. Түргеш қағанаты тұсында олардың саяси орталығы болды. Ал, X-XII ғасырларда Қараханидтер империясының астанасы болып жарияланды. Қалада ортағасырлық түркі елінің көрнекті ұлы тұлғалары Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари т.б өмір сүріп, қызмет етті. Осы жерде Жүсіп Баласағұнидің «Құтты Білік» («Даналық кітап») атты аса құнды еңбегі жазылды.Баласағұн қаласы туралы арабтың ұлы географы əл-Макдисидің жазбаларында: «Баласағұн суы мол, халқы көп, үлкен қала» деген жазба деректер қалдырған.

Өтеген Батыр кесенесі

Өтеген батыр Өтеғұлұлы (1677-1773жж.) - Шу өзенінің төменгі ағысында туып-өсіп, XVIII ғасырдағы қазақтың жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен ұлт-азаттық күресінің белсенді мүшесі. 1740 жылы өз жасағымен Төле бидің әскерлері құрамында шайқасты. 1757 ж. Семей мен Ямышев қамалдары үшін болған жоңғарлармен шайқасқа қатысты. Батырдың ерліктері XVIII ғасырдың өзінде-ақ дастандарда жырланып, ұрпақтан - ұрпаққа жетіп отырған. Өткен ғасырлардың ақындары: Құсен, Тілеміс, Майкөттер оған өз әндерін арнаған. Ең әйгілісі Жамбыл Жабаевтың «Өтеген батыр» дастаны. Бұл кесене - батырдың туылғанына 300 жыл толуына орай 1999 ж. салынған.

Өтеген Батыр кесенесі

Өтеген батыр Өтеғұлұлы (1677-1773жж.)- Шу өзенінің төменгі ағысында туып-өсіп, XVIII ғасырдағы қазақтың жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен ұлт-азаттық күресінің белсенді мүшесі. 1740 жылы өз жасағымен Төле бидің әскерлері құрамында шайқасты. 1757 ж. Семей мен Ямышев қамалдары үшін болған жоңғарлармен шайқасқа қатысты. Батырдың ерліктері XVIII ғасырдың өзінде-ақ дастандарда жырланып, ұрпақтан - ұрпаққа жетіп отырған. Өткен ғасырлардың ақындары: Құсен, Тілеміс, Майкөттер оған өз әндерін арнаған. Ең әйгілісі Жамбыл Жабаевтың «Өтеген батыр» дастаны. Бұл кесене - батырдың туылғанына 300 жыл толуына орай 1999 ж. салынған.

Кенесары хан мемориалы

Кенесары хан мемориалы

Бұл мемориал – Қазақ халқының 1841-1847 ж.ж ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, қазақ хандығының соңғы ханы, Абылай ханның немересі Кенесары Қасымұлына арналып салынған. Кенесары хан қырғыздармен болған шайқаста Кекілік сеңгір алқабында қаза тапқан.

Тоспалы жартас суреттері

Тоспалы жартас суреттері - қола дәуірі (б.д.д. 4 мыңжылдықтардың аяғы - б.д.д.1-мыңжылдықтың басы) кезеңдегі тау жартастарында салынған суреттер. Бұл кезде неолит дәуірінің мәдениеті дамып, металл игеріле бастады.

Төрткүл керуен сарайы (ХІ—ХІІІғ.ғ.)

Төрткүл керуен сарайы (ХІ—ХІІІғ.ғ.)

Керуен сарай Ұлы Жібек жолы бойында тұрғызылған қамал-бекініс. Керуен-сарайдың мақсаты – мемлекеттің негізгі табыс көзі болған әлемдік сауданың ұдайы және тұрақты түрде дамуына, әрі сол заманда пайда әкеліп тұрған сауданың барлық түрімен керуендердің еш кедергісіз жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды.

Қали Жүніс моншасы (ХХ ғ. басы.)

Қали Жүніс моншасы (ХХ ғ. басы.)

1906 жылы моншаны Әулиеата қаласының тұрғыны, меценат Қали Жүніс өз қаржысына салдырған. Монша Әулиеата кезеңінің сәулет өнері ескерткіші болып саналады. Монша тек қана санитарлық-тазалық орталығы ғана емес, ол саясаткерлер, саудагерлер, әскерилер және қала тұрғындарының көптеген ортақ мәселелерін шешетін, тынығып дем алатын орны да болған.