«Жеңіс» саябағын қайта жаңғырту

В апреле текущего года по поручению акима Жамбылской области, в г.Тараз началась реконструкция парка «Женис» им. Б.Момышұлы.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Тараз қаласында орналасқан Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағын қайта жаңғырту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап жүргізілуде.

Саябақ аумағы көгалдандырылып, тиісті абаттандыру жұмыстары жүргізілді, жаяу жүргінші жолдары жөндеуден өтті, гүлзарлар егілді. Сонымен қатар, «Ерлік» мемориалды кешені салынды, Б.Момышұлы ескерткіші мен «Мәңгілік алау» ескерткіші ауыстырылып қайта қойылды. Жамбыл облысынан шыққан 48 Совет Одағының батырларының есімі жазылған тақтайша орнатылды, «Алтын Жұлдыз» медальдарының көшірмелері үлкейтіліп, постаментке қойылды. Алты гранитті плитадан жасалған майданға аттанған Жамбыл облысының 105 мың жауынгердің аттары жазылған қабырға салынды. Саябақта соғыс ардагерлеріне арналған «Даңқ залы» құрылысын салу жоспарлануда, сондай-ақ ауған соғысына қатысқан жауынгер-интернационалистерге арналған мемориал ескерткіш, Семей ядролық сынақтарының және Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға көмек көрсеткен азаматтарға арналған ескерткіш орнатылды.

Саябақ аумағындағы «Үшбұлақ» каналының жағалауын абаттандыру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары атқарылды.

Жүзеге асырылу мерзімі: жүзеге асырылды.

Өзгерту: 20.11.2018 09:39