Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақ

Облыс әкімінің бастамасымен, Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақты қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуда.

Жоба бойынша саябақ аумағына Қ.Рысқұлбеков атындағы мұражай салынды, мұражай алдына декоративті жарықтандырылған 1 су бұрқағы соғылды. Қ.Рысқұлбеков ескерткіші мұражайдың алдына ауыстырылды. Саябақта кіші футбол, баскетбол, волейбол спорттық ойындары қамтылатын 1 әмбебап спорт алаңшасы мен 1 шахмат алаңы құрылды және 1 балалар ойын алаңы салынды және оқу құмарларға арналған тыныш демалыс аймағы қарастырылған. Сонымен қатар, жүгірме жолдары мен қоғамдық әжетхана соғылып, жасыл желектер мен гүлдер отырғызылды, қоғамдық орындықтар орнатылып, саябақ аумағы энергия үнемдеуші шамдармен жарықтандырылды. Ардагерлер үйінің артындағы саябақтың аумағына демеушілік негізінде «Қымызхана» нысаны құрылысы салынды.

Жүзеге асырылу мерзімі: жүзеге асырылды.

Өзгерту: 18.11.2018 01:51