Облыс тұрғындарының назарына!

«Еститін мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету қадамдарының бірі ретінде ағымдағы жылғы 21 қарашада Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өткізіледі.

Аудандар мен Тараз қаласының (оның ішінде ауылдық округ, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері) облыс тұрғындарын жеке қабылдайды, олардың өтініштерін тыңдайды және мәселелерінің шешілуін бақылауға алады.

Осы жалпыреспубликалық Бірыңғай қабылдау күні шарасының ұйымдастырылуына байланысты 2019 жылғы 21 қарашада облыс әкімі Асқар Исабекұлы Мырзахметов азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізеді.

Өтінімдерді қабылдаудың басталуы - 15 қараша, аяқталуы - 20 қараша.

Қосымша ақпаратты тұрғылықты жері бойынша әкімдіктерден алуға болады.

Қабылдау облыс әкімі аппаратының  ғимаратында № 114 бөлмеде сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі.

Алдын ала 43-36-13, 45-24-19, 43-17-09 телефондары арқылы жазылуға болады. 

Жамбыл облысы әкімінің аппараты.

2019 жылғы 21 қарашада өтетін Бірыңғай азаматтарды қабылдау күнін ұйымдастыру іс-шаралары

№ р/с

Іс-шараның атауы

Орындалу мерзімі

Жауапты

Ескертпе

1

Қабылдау өтетіні туралы Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне тиісті хат жолдау

13.11.2019 ж.

С.Әлібеков

13.11.2019 ж. тиісті хат жолданды

(№01-6657)

2

Қабылдау өтетіні туралы БАҚ, әлеуметтік желі арқылы жариялау

15.11.2019 ж.

С.Әлібеков

Б.Сөктай

Н.Рақаев

Д.Бейсенқұлов

 

3

Қабылдау өтетін орынның дайындығын (келушілер отыратын орын, ауыз сумен қамтамасыз ету және т.б.)

 

Ә.Сейфуллин

 

4

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

21.11.2019 ж.

А.Оразалиев (келісім бойынша)

А.Оразбеков

 

5

Жедел медициналық қызметпен қамтамасыз ету

21.11.2019 ж.

М.Жұманқұлов

Ә.Жанқұлов

 

6

Қабылдаудың бейнетүсірілімін ұйымдастыру

21.11.2019 ж.

Б.Сөктай

Н.Рақаев

 

 

7

Қабылдауға тиісті мемлекеттік орган басшыларының қатысуын (аумақтық департаменттерді) қоса алғанда қамтамасыз ету*

21.11.2019 ж.

Басқарма басшылары, облыс әкімі аппаратының салалық бөлім басшылары өз бағыттары бойынша

 

8

Жүргізілген қабылдау бойынша арнайы кәртішке, немесе облыс әкімінің хаттамасын жүргізу

21.11.2019 ж.

С.Әлібеков

 

Ескертпе* - Тараз қаласының әкімі өз орнында қабылдау жүргізуіне байланысты, орнына бір орынбасарын жіберуі тиіс және қалаға жауапты облыс әкімінің инспекторы қатысуы керек.

Өзгерту: 20.11.2019 12:47