Құрметті БАҚ өкілдері!

16 мамыр күні сағат 12:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарияланған бір жыл ішінде Жамбыл облысында атқарылған жұмыстар туралы баспасөз конференциясы өтеді.

Спикер: Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов

Шара барысында спикер келесі мәселелер туралы толық баяндайды:

  • Облыста бағдарламалық мақала аясында жүзеге асырыла бастаған жобалар;
  • Ауқымды жобаларды іске асырудағы жергілікті кәсіпкерлердің белсенділігі;
  • Мақалада айтылған тарихи жерлерді кеңінен насихаттау, оларды туристік кластерді дамыту тетігі ретінде қарастыру жолындағы қолға алынған шаралар.
Өзгерту: 22.11.2018 11:46