Сапарбаев Бердібек Машбекұлы

Сапарбаев Бердібек Машбекұлы

Жамбыл облысының әкімі

Бердібек Сапарбаев 1953 жылы 9 ақпанда Қызылорда облысының Жаңақорған ауданының Бесарық ауылында дүниеге келген. 

1977 ж. – Алматы Халық шаруашылығы институтын «Экономика және материалдық-техникалық жабдықтау» мамандығы бойынша бітірді.

Отбасы жағдайы: Үйленген, 2 баласы бар

Еңбек жолы:

2019 жылғы 20 тамыздан бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары лауазымын атқарды.

2019 жылдың 25 ақпанынан тамызына дейін Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

2015 жылдың ақпанынан 2019 жылдың ақпанына дейін – Ақтөбе облысының әкімі.

2014-2015 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.

2009-2014 жж. – Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

2007-2009 жж. – Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

2007 жылдың 9 ақпанынан 2007 жылдың 27 тамызына дейін Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.

2006-2007 жж. – Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Үкіметтің өкілі.

2002-2006 жж. – Қазақстан Республикасы кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің вице-министрі - кедендік бақылау комитетінің төрағасы.

1999-2002 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.

1995-1999 жж. – Қызылорда облысының әкімі.

1995 ж. – Қазақстан Республикасы Министрлері кабинеті аппаратының басшысы.

1993-1994 жж. – Қазақстан Республикасы Президент аппараты бөлімі мен Министрлері кабинетінің істер басқармасының қаржы, еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары және меңгерушісі;

1988-1993 жж. – жоспарлау-қаржы басқармасының бастығы, бас экономика басқармасының бастығы.

1977-1988 жж. – ҚазССР қаржы министрлігінде экономист, аға экономист, жетекші, бас экономист, бөлім бастығының орынбасары.

1977 ж. – Республикалық мемлекеттік еңбек жинақтау кассалары басқармасында экономист.

1969-1971 жж. – Қызылорда облысының Задарьинский совхозының жұмысшысы.