Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау тәртібі

Құрметті облыс тұрғындары!

Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңының 13 бабына сәйкес облыс әкімі, оның орынбасарлары мен аппарат басшысы бекітілген кестеге сәйкес айына бір рет азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды жүзеге асырады.

Облыс әкіміне, оның орынбасарларына, немесе аппарат басшысының жеке қабылдауына жазылу үшін облыс әкімі аппаратының құжаттама және бақылау бөліміне жазбаша түрде қайырылып, міндетті түрде көтерілетін мәселені ашып көрсетуіңіз қажет (қабылдау кезінде аталған мәселенің оңтайлы және тиімді шешілуі үшін тиісті тұлғаларды қосымша шақырту, ақпарат алдырту мақсатында). Жазбаша өтінішті облыс әкімі аппаратының құжаттама және бақылау бөліміне (Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125, индексі 080008, факс:454628, электронды пошта: obl_akim@zhambyl.kz) немесе Жамбыл облыс әкімі аппараты ғимаратында орналастырылған жәшіктерде қалдыруға болады.
Аталған мәселеге қатысты қандай да бір ақпарат алу үшін мына байланыс телефондарына хабарласуға болады: 433613, 456637

Қабылдау кестесі қоса жарияланады.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы

Жамбыл облысы әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 919 (2018 ж. - 1018) өтініш түскен. Оның ішінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен  57 (2018ж. - 58) өтініштер түсіп, белгіленген мерзімде жауаптары жолданды.

Қазақстан Республикасының Премьер - Министрі Кеңсесінен 43 (2018ж. - 19)  өтініш  түсіп,  оларға  белгіленген   мерзімінде  тиісті  жауаптары   берілген.

Есепті мерзім ішінде облыс әкімі аппаратында 381 жеке және заңды тұлғалардың  өтініштері  бақылауға  алынып, оның  340-на  жауаптары беріліп, бақылаудан алынды, 41-і қаралу үстінде.

Талдау көрсеткендей, облыс тұрғындарын негізінен толғандырып отырған мәселелер - халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайы, оның ішінде, пәтер және тұрғын  үй  алу  туралы  - 112 (2018 ж. - 62),  коммуналдық   қызмет  көрсету - 86 (2018ж. - 49),  материалдық көмек көрсету  -  23 (2018ж. - 22).

Өтініштердің  басым  көпшілігі Тараз қаласының (415), Шу (51)  және Сарысу (42) аудандарының тұрғындарынан түскен.

Жыл басынан бері облыс әкімінде, оның орынбасарларында және аппарат басшысында 46 (2018ж.- 36) азамат қабылдауда болып, олардың барлығына қолданыстағы заңдардың аясында жауаптары жолданып, түсініктемелері берілген.

Облыс әкімі аппаратына тікелей жазбаша өтініш жасаған арыз берушілерге тіркелген күні мен уақыты, өтінішті  қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген 196 талон берілген.     

Есепті мерзім ішінде сенім телефоны арқылы 64 (2018ж. - 81) хабар түссе, оның 56-ның шешімі табылып, 8-не түсініктемелер берілген. Оның: электрэнергиясына қатысты - 57, жылуға-1,басқа да мәселелер бойынша - 6.

Сонымен қатар облыс әкімі аппаратының ғимаратында азаматтардың өтініштеріне арнайы орнатылған жәшікке барлығы 6 (2018ж. - 5) өтініш түсіп, мерзімінде жауаптары берілді.

Облыс әкімінің атына халыққа қызмет көрсету орталығындағы Кешен арқылы азаматтардан 3 бейнеөтініштер қабылданып, тіркелді. Олар қаралып, уақтылы жауаптары берілді.

Жыл басынан бері  орындалу мерзімі ұзартылған өтініштер саны-1, қайталанып жазылған өтініштер саны - 1.                    

2019 жылдың  ІI тоқсанындағы Жамбыл облысы әкімінің аппаратында азаматтарды қабылдау кестесі

Азаматтарды қабылдайтын адамның тегі, аты-жөні

Азаматтарды қабылдайтын адамның лауазымы

Азаматтарды қабылдау күні

Мемлекеттік органның орналасқан жері

Байланыс телефоны

Мырзахметов

Асқар

Исабекұлы

Облыс әкімі

2019 ж.

11 сәуір

16 мамыр

13 маусым

Тараз қаласы

 Абай даңғылы, 125

431822

Орынбеков

Бекболат

Серікбекұлы

Облыс әкімінің бірінші

 орынбасары

2019 ж.

2 және 16 сәуір

14 және 28 мамыр

4 және 18 маусым

- // -

431771

Дауылбаев

Еркебұлан

Әбілханұлы

Облыс әкімінің

орынбасары

2019 ж.

9 және 23 сәуір

14 және 28 мамыр

11 және 25 маусым

- // -

430650

Жанке

Тимур

Амантайұлы

Облыс әкімінің

орынбасары

2019 ж.

5 және 19 сәуір

3 және 17 мамыр

7 және 21 маусым

- // -

432539

Момышев

Талғат

Амангельдыұлы

Облыс әкімінің 

орынбасары

2019 ж.

12 және 26 сәуір

10 және 24 мамыр

14 және 28 маусым

- // -

433538

Шүкеев

Мұратхан

Жүнісәліұлы

Облыс әкімінің

орынбасары

2019 ж.

4 және 18 сәуір

2 және 16 мамыр

6 және 20 маусым

- // -

432894

Календеров

Нұржан

Сәбитұлы

Облыс әкімі

аппаратының басшысы

2019 ж.

3 және 24 сәуір

15 және 29 мамыр

5 және 19 маусым

- // -

454466

Қабылдау сағат 15-00 –ден 18-00-ге дейін жүргізіледі.

Телефон: +7 (77262) 433613
E-mail: obl_akim@zhambyl.kz

Өзгерту: 02.04.2019 18:11