Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

Мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызмет тиімділігін бағалау қорытындылары

2015 жылға мемлекеттік органның қызметінің тиімділігін жалпы бағалау нәтижелері туралы ҚОРЫТЫНДЫ

Жамбыл облысының әкімдігі

1. Мемлекеттік органға жүктелген міндеттерді іске асыру, сондай-ақ қызметтердің ұйымдастырылу тиімділі туралы қорытындылар.

2015 жылдың бағалау қорытындыларына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі (бұдан әрі – Әдімдік) қызметінің тиімділігі 72,04 баллды құрады. (ЖАО арасында рейтингте 7 орын).

2014 жылмен салыстырғанда Әкімдіктің қызметінің нәтижелері нашарлаған. Осылайша, ведомствоның тиімділігі 8,32 баллға азайды, рейтингтегі позиция 6-тармақтарға нашарлады (1орыннан 7 орынға).

Әкімдіктің 5 бағыт бойынша бағалау нәтижелері:

Мемлекеттік қызмет көрсету және персоналды басқару, мемлекеттік органның жалпы тиімділігіне оң әсер етіп, Әкімдіктің ең мықты бағыттары болып табылады. Осыған сәйкес, есепті кезеңде Әкімдік аталған бағыттар бойынша рейтингте алдыңғы орындарға ие және жоғары тиімді деңгейде.

Әкімдік стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру бойынша өз позициясын 2,6 баллға нашарлатып, әлі күнге дейін жоғары тиімді деңгейде тұр. Аталған бағыт бойынша Әкімдіктің бағалау көрсеткіші орташа орташа деңгейден жоғары.

Әкімдіктің бюджеттік жоспарлау қызметі үш жыл қатарынан тиімсіз ретінде бағаланып, нәтиженің 0,2 баллға төмендегені байқалады.

Төменгі тиімдіден орташа тиімдіге ауысу арқылы Әкімдіктің қызметі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жақсарды. Әкімдіктің ақпараттық технологияларды қолдану қызметінің деңгейі орташа тиімдіден төменгі тиімдіге нашарлап, 64,81 баллға бағаланды.

Персоналды басқару саласында бағалау көрсеткіші 3,3 баллға жақсарған, рейтингте 3 орыннан 2 орынға жоғарылап, тиімділік бұрынғыдай орташа тиімді деңгейде.

Ақпараттық технологияларды қолдану бойынша нәтижесі орташадан төменгі тиімдіге төмендеп, 13,3 баллды құрады.

Өзгерту: 17.10.2018 18:09