Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасы келу және ішкі туризмді дамыту, «Ұлы Жібек жолындағы» сауда және қолөнершілік шеберліктің маңызды орталығы, Қазақстанның ежелгі қалаларының бірі болып табылатын Тараз қаласына шетелдік және қазақстандық туристерді тарту мақсатында 2018 жылдың қазан айында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында туризм бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді:

  • «ASPARA FASHION WEEK, TАRAZ» Халықаралық Сән аптасы, 8-12 қазан;
  • «Төрткөл» сарай керуеніндегі «Қазақ ауылы» Этно-жобасы, 9-10 қазан;
  • «Дәмді TARAZ FOOD TOURISM» Халықаралық фестивалі, 10-11 қазан;

«ASPARA FASHION WEEK, TАRAZ» жоғары сән апталығы8-12 қазан аралығында әлемнің 19 елінен, яғни Италия, Франция, Голландия, Қытай, Үндістан, Сербия, Америка Құрама Штаттары,  Ресей, Өзбекістан, Болгария елдерінен 30 Халықаралық киім дизайнерлерінің, журналистердің және сән сарапшыларының қатысуымен өтеді. Қазақстандағы Өзбекстан Республикасының жылы болуына байланысты аталған іс-шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Абдыхалықова және Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Т.К.Нарбаева бастаған Өзбекстан делегациясы қатысатыны жоспарлануда.

Бұл күдері қаламызға 3 мыңға жуық туристер келеді деп күтілуде. Сонымен қатар, облысымыздың шағын және орта бизнесі 70 миллионға жуық пайда табады, бұл іс-шара асяында өзара әріптестік туралы халықаралық 7 және республикалық деңгейде 5 меморандумға қол қойылады деп жоспарлануда.

«Қазақ ауылы» ұлттық-мәдени кешені 9-10 қазан аралығында «Төрткөл» көне керуен-сарайындағыөткізуі жоспарланған. Бұл іс-шара келушілерді қазақ халқының бай тарихымен, мәдениетімен, өнерімен және дәстүрлерімен таныстырып, онда қонақтар мен туристер көшпелі өркениеттің этно-мәдени ортасына көшіріліп және қазақ ауылының өмірімен танысады.

Этноауылда қазақ музыкалық және театр өнерінің фестивальдері, қолөнер шеберлерінің мастер-класстары, ұлттық тағамдар, қолөнер және көркем өнер көрмелері, этникалық музыкалық фестивальдер, ұлттық спорт түрлерін жарыстар және басқа да іс-шаралар өтеді. Атап айтқанда, «Дәстүрлі аң аулау түрлері»,«Ұлттық ойындар мен ойын-сауық», «Ұлттық тағам», «Қазақ музыкалық-театр өнері», «Қолөнершілер»атты 5 секторларын тамашалаған адам қазақ халқының әдет-ғұрыпы, салт-санасы жайлы мол ақпарат алатыны сөзсіз.

«Дәмді TARAZ FOOD TOURISM» Халықаралық ұлттық тағамдар фестиваліұлттымыздың ұлттық тағамдарын қайта жаңғырту мақсатында 10-11 қазан аралығында Көне Тараз тарихи-археологиялық кешеніде өткізілмек. «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырған іс-шара жергілікті аспаздар бағзыдан бүгінге жеткен тағам түрлерін дайындау, ұмытылған ұлттық сусындарды, дәстүрлерді қайта жандандыруға, және оларды дайындау, безендіру бойынша мастер-класстарды өткізуге бағытталған.

Байқауға тағам туризмі саласында еңбек етіп жүрген 100-ге жуық шет елдік және 300-ге  жуық қазақстандық туристер келеді деп күтілуде. Сонымен қатар іс-шара барысында туризм дамыту тақырыбында семинар, кеңестер, шеберлік сабақтары және өзара әріптестік жөніндегі меморандумдарға қол қойылады деп жоспарлануда.

Жоғарыда көрсетілген іс-шараларға халықаралық және қазақстандық сарапшылар, туристік қауымдастықтар, туристік және қонақ үй нарығының өкілдері, мемлекеттік органдар, министрліктер мен ұлттық компаниялар, жоғары оқу орындары мен колледждер, халықаралық және республикалық БАҚ өкілдері қатысады. Аталған іс-шаралар қатысушыларға туризм индустриясын дамытуда тәжірибе, пікір, стратегиялар алмасу үшін алаң береді, сондай-ақ біздің санамыздың ашықтығын, мәдени экспорт мүмкіндігін және халықаралық деңгейде ұлттық бірегейлікті жариялауды білдіреді.        

Мұндай ірі көлемдегі халықаралық іс-шаралардың өткізілуі облысымызға туристерді көптеп тартатын болады.

Өзгерту: 07.11.2018 09:19