Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

Черемисин Петр Михайлович

Жамбыл облыстық орыс драма театрының әртісі.

Черемисин Петр Михайлович 1925 жылы туылған, орыс, білімі жоғары, 1950 жылы Ташкент Мемлекеттік театр өнері институтын бітірген, мамандығы драма театр әртісі, театрда 1968 жылдан 2001 жылға дейін істеген.

1980 жылы оған Қазақ ССР-не еңбегі сіңген әртіс атағы берілген.

Жамбыл облыстық орыс драма театрында 200-ден аса рөлдерде ойнаған.

Чернушенко Евгения Матвеевна

Жамбыл облысы орыс драма театрының әртісі.

Чернушенко Евгения Матвеевна 1921 жылы туған, украин, білімі арнайы – орта, 1941 жылы Мәскеулік Щепкин театралдық училищесін бітірген, мамандығы драма театр әртісі.

Жамбыл облысы орыс драма театрында 1967 жылдан 1988 жылға дейін істеген. 1980 жылы оған Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген әртіс атағы берілді.

Театрда жұмыс істеген жылдарда 180 рөлдерде ойнаған.

Турманидзе Вахтанг Давидович

Жамбыл облыстық орыс драма театрының әртісі.

Турманидзе Вахтанг Давидович 1916 жылы туған, грузин, білімі жоғары, Луначарский атындағы Мәскеу мемлекеттік театр өнері институтын бітірген, мамандығы драма театр әртісі.

Театрда 1978 жылдан 1988 жылға дейін істеген.

1957 жылы Латыш ССР-інің еңбек сіңірген әртісі атағы берілген.

1970 жылы Ресей халық әртісі атағы берілген.

Жамбыл облыстың драма театрында істеген жылдары 60-тан астам рөлдерді ойнаған.

Орел Евгений Ефимович

Жамбыл облыстық орыс драма театрының әртісі.

Орел Евгений Ефимович 1904 жылы туған, орыс, білімі орта. 1964 жылы Қазақ ССР-інің халық әртісі атағы берілген.

Театрда 1967 жылдан 1969 жылға дейін жұмыс істейді. Жұмыс істеген жылдары ойнаған рөлдері:

Б. Белоцерковскийдің «Штормында» - Раевич,

А. Островскийдің «Бешенные деньги» - Тельятев,

А. Арбузовтың «Встреча с юностью» - Максим және т.б.

Байбосынов Күзембай Байбосынұлы

Облыстық тарихи-өлкелік мұражай қызметкері.

Байбосынов Күзембай Байбосынұлы 1941 жылы туған, Жамбыл облыстық тарихи - өлкелік мұражайдың ғылыми бөлімінің меңгерушісі. Шымкент мемлекеттік пединститутын бітірген, мамандығы тарихшы.

Жамбыл тарихи-өлкелік мұражайында 1967 жылдан осы күндейін жұмыс істейді 1984 жылдан облыстық мұражайдың директоры болып 1998 жылға дейін қызмет атқарды. Жалпы еңбек өтілі 36 жыл.

Мұражайда істеген жылдары ұйымдастырушылық қабілеті жоғары басшы екенін көрсетті. Мұражайды жаңа материалдар мен экспонаттарға толтыру мақсатында ол өз бетімен Мойынқұм (қожа бала), Жуалы (Қорған Берікқара), Жамбыл (үйсіндер қорғаны), Т. Рысқұлов ауданында (шабынды сай) т.б. жерлерде археологиялық зерттеклер жасады.

Байбосыновтың еңбектері тек біздің елімізде, облысымызда ғана емес. Сонымен бірге шет елдерде де басылып шықты. Мысалы Италияда көшпелі халық айдарында оның да мақаласы басылды. Турцияда «Археология жаңалықтары» 1982 жылы «Жамбыл облысы ескерткіштерін» даярлады. Тараз қаласының 2000 жылдығына арнап К. Байпақовпен бірге К. Байбосынов «Жібек жолы» кітабын жазды. 1983 жылы оған «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қызметкер» атағы берілді. Сонымен қатар М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің профессоры атағы берілді.

Өзгерту: 21.11.2018 16:44