Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

«Жамбыл облысының инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Орталықтың функциялары:

  • инвестициялық мүмкіндіктер, мемлекеттік қызметтер және кәсіпкерліктіңмемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес беру және ақпараттық қамтамасыз ету (қызметтер мен қолдауды алуға арналған құжаттар пакетін жинау және кеңес беру);
  • мемлекеттік қызметтер мен рұқсат құжаттарын (жер учаскелері, сәулет – жоспарлау тапсырмалары, құрылысқа рұқсат беру, техникалық шарттар және т.б.) алу кезінде инвесторлар мен кәсіпкерлерге кеңес беру және сүйемелдеу;
  • өңірлік деңгейде инвесторлардың проблемаларын шешуге және кәсіпкерлік қызметтің басқа да мәселелеріне көмек көрсету;
  • инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздерін іздеу және оларды іске асыру процесінде сүйемелдеу.

ИҚКЖБЦ КММ-ның инновациялар және технологиялар трансферті бөлімі туралы анықтамалық ақпарат

Мақсаты: Қазіргі таңда, Жамбыл облысының экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жоғары қосылған құнмен қамтамасыз ететін өңірді және экономиканың секторларын жаңғырту қажет. Өндірістік инфрақұрылым, адам капиталы, табиғи ресурстық капитал Жамбыл облысының экономикасының инновациялық дамуының кең перспективаларын ТМД және әлем нарығына қолжетімділікпен анықтайды. Осыған байланысты Жамбыл облысының ғылыми, білім беру, мемлекеттік ұйымдары мен өнеркәсіптік кәсіпорындары (бұдан әрі - облыс) арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін бизнесті дамытуды ынталандыру үшін бірқатар шаралар қажет. Технология мен инновация саласындағы мемлекеттік саясатты жан-жақты қолдау, бастамалар.

Рұқсат беру құжаттарын беруге, оның ішінде шетелдік жұмыс күшін тартуға жауапты ЖАО мен ұйымдардың тізбесі

  • Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы: http://dppzhambyl.gov.kz/
  • Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы: http://uzo-zhambyl.kz
  • ХҚКО (Азаматтарға арналған үкімет): https://gov4c.kz
  • Ауыл шаруашылығы басқармасы: http://ush.zhambyl.kz
  • Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы: http://energy.gov.kz 
  • Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы: http://densaulyk.zhambyl.gov.kz 
  • Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы: http://jambyl-bilim.kz 
  • Көші-қон полициясы (ІІД): http://mvd.gov.kz