Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

Әлеуметтік қамтамасыз ету

2019 жылдың 01 ақпанына облыс бойынша 44723 мүгедек бар болса, оның ішінде 1-ші топтағылар - 4074, 2-ші топтағылар - 18487, 3 топтағылар - 16033 адам, ал 18 жасқа дейінгі мүгедектер саны 6129-ы құрайды.

Еңбектік қарым-қатынас

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан Жамбыл облысына 2019 жылға жалпы барлық жұмыс берушілерге шетел азаматтарын жұмысқа тартуға 774 квота белгіленген.

Әлеуметтік қамтамасыз ету

2019 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша 44813 мүгедек бар болса, оның ішінде 1-ші топтағылар - 4102, 2-ші топтағылар - 18576, 3 топтағылар - 16009 адам, ал 18 жасқа дейінгі мүгедектер саны 6126-ы құрайды.

Әлеуметтік қолдау

2019 жылдың 1  ақпанына  облыста  12683 азаматқа 82,3 млн.теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі,  3,3 мың отбасына  31,2 млн. теңгенің тұрғын үй көмегі,  жергілікті  өкілетті органдардың шешімі бойынша   330  азаматтарға  7,9 млн.теңгенің  әлеуметтік  көмек, 997 мүгедек балаға  5,5 млн теңге үйде оқытылуға жұмсалатын шығындарды өтеу үшін  тағайындалды.  

Халықты жұмыспен қамту туралы

2019 жылдың 1 ақпанына 3313 адам жұмыспен қамтудың белсенді түрлерімен қамтылып отыр, соның ішінде 983 адам ваканттық жұмыс орындарына орналасты. Ағымдағы жылы ақылы қоғамдық жұмыстарға 3677 адамды тартуға 1205,0 млн. теңге қаралып, 1 ақпанына ақылы қоғамдық жұмыстарға 1311 адам жолданды, олардың еңбек ақысына 37,5 млн. теңге жұмсалды.

Оралман мәртебесін беру

2018 жылы облыс аумағына 479 отбасыдан құралған 826 оралман қоныс аударып, барлығына оралман мәртебесі берілді.

Еңбектік қарым-қатынас

2019 жылдың 1 ақпанына  облыс аумағына  51  отбасыдан құралған 96 оралман қоныс аударып, барлығына оралман  мәртебесі берілді. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі толығымен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының»  Жамбыл  облысы  бойынша филиалдары  арқылы жүзеге асырылады.

Оралман мәртебесін беру

2018 жылдың 1 сәуіріне   облыс аумағына  168  отбасыдан құралған  285 оралман қоныс аударып, барлығына оралман  мәртебесі берілді. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі толығымен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының»  Жамбыл  облысы  бойынша филиалдары  арқылы жүзеге асырылады.

Әлеуметтік қамтамасыз ету

2018 жылдың 31 наурызына облыс бойынша 43507 мүгедек бар болса, оның ішінде 1-ші топтағылар - 3935, 2-ші топтағылар - 18373, 3 топтағылар - 15278 адам, ал 18 жасқа дейінгі мүгедектер саны 5921-ы құрайды.