Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

Кәсіпкерге жадынама

Өздерiнiң құрылу мақсатында, өз қызметiнiң түрi мен сипатына, қатысушылар (мүшелер) құрамына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын барлық заңды тұлғалар мемлекеттiк тiркеуге жатады. Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi, оларға заңды тұлға құқығы берiлмей-ақ есептiк тiркеуге жатады («Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы заңының 3-бабы (бұдан әрі – «Тіркеу туралы заң»)).

Заңды тұлғаны құру үшiн ең алдымен мыналар қажет:

  • заңды тұлғаны құрудың ұйымдастыру-құқықтық нысанын анықтау;
  • құрылатын компанияның қандай кәсiпкерлiк субъектiсi санатына жататынын анықтау;
  • егер заңды тұлғаның қызметiнiң мәнi қаржылық қызметтер атқару болатын болса, қосымша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнiң рұқсаты қажет (Тіркеу туралы заңның 6-бабы);
  • Тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен үлестес тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган монополияға қарсы органның келісімімен жүзеге асырады (Тіркеу туралы заңның 6-бабы);
  • егер заңды тұлғаның құрылтайшысы / қатысушысы шетел адамы болса, «С5» бизнес-көшір келуші визасын алу, «Бизнес-көшіп келуші ретінде келуге виза алмаған шетелдіктердің заңды тұлға құруына, сондай-ақ заңды тұлға қатысушыларының құрамына кіру арқылы коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуына тыйым салынады» («Халықтың көші-қоны туралы» ҚР заңының 40-бабы 2-тармағы);
  • қызмет түріне қарай басқа да рұқсаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес.

Заңды тұлғаны тіркеу үшін қажетті құжаттар «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № бұйрығымен бекітілді.

Өзгерту: 21.11.2018 01:52